7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мынадай санда материалдарды дайындау және басып шығару:
- 11040 газет жолдары, жалпы таралымы 219 454 мың дана,
- 796 баспа-есеп журналдардың беттері, жалпы таралымы 2548 мың дана;
"Қазақстан" ұлттық телеканалының ортакүндік көлемі - 16 сағат, "Қазақ радиосы" - 24 сағат, "Облыстық теледидары" (13 облыс және 1 қалалық ТРК) - 42 сағат, "Астана" радиосы - 18 сағат, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы арқылы "Шалқар" радиосы - 18 сағат; "Хабар" - 20 сағат, "Ел арна" - 16 сағат және "Хабар" агенттігі арқылы "Caspionet" - 24 сағат, "Еуразия - бірінші каналы" - 7 сағат.
Қазақстан және ТМД телерадиоканалдарында Қазақстан және ТМД елдерінің экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы бағдарламаларды "Мир" халықаралық телерадиокомпаниясында шығару және орналастыру - 10 сағат.
Электронды БАҚ-да мемлекеттік тілде деректі фильмдер, теледидарлы және радиобағдарламалар шығару - 3308 сағат.
Мына санда - 74 483 сағат теледидарлы және радиобағдарламаларды дамыту және трансляциялау.
Салық заңнамалары бойынша 100 көрсетілімді 25 роликтерді, 100 телехабарларды шығару және орналастыру. Қазақ тілінде 6 ролик шығару және орналастыру, шығу уақыты - 20.00-ден 23.00 дейін.
Соңғы нәтиже: тұрғындарға хабарламаларды арттыру, ел өміріндегі маңызды оқиғаларды жариялау, Қазақстан Республикасының жағымды имиджін қалыптастыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
газет және журналдар шығарылатын бір таратылымның орташа бағасы 5 мың теңге.
телеканалға шығудың бір сағаттық бағасы:
"Хабар" - 152 946 теңге;
"Қазақстан" - 118 745 теңге;
"Ел арна" - 124 846 теңге;
"Caspionet" - 37 572 теңге;
"Қазақ радиосы" - 59 373 теңге;
"Облыстық телеарна" - 71 247 теңге;
"Астана" радиосы - 29 686 теңге;
Шалқар радиосы - 29 686 теңге;
Телеканалдарда таратудың 1 сағаттық бағасы:
"Хабар" - 128 707 теңге;
"Қазақстан" - 130 504 теңге;
"Ел арна" - 65 667 теңге;
"Caspionet" - 14 304 теңге;
"Еуразия-1 канал" - 88 312 теңге;
"Қазақ радиосы" - 62 477 теңге;
"Облыстық телеарна" - 1927 теңге.
Уақыттылығы: газеттермен журналдарды, телерадиобағдарламаларды қойылған уақытында көрсету және шығару.
Сапасы: "Қазақстан", "Хабар", "Ел-арна" телеканалдар мен республикалық маңыздағы қалалардағы басқа телерадиобағдарламаларды, газеттер мен журналдарды 100%, бөлек өңірлерде (аудан, ауылдық жерлерде) 85% шығару мен көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470a қаулысына 29-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-29 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 761 033 мың теңге (жеті жүз алпыс бір миллион отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани-білім және интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеру үшін әлеуметтік маңызды әдебиеттер шығару, өскелең ұрпақты жалпы әлемдік құндылықтар рухында тәрбиелеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тұрақты оқырмандарға әлеуметтік-маңызды әдебиеттерді жариялау мен жеткізуді қамтамасыз ету, публицистикалық, ғылыми, көркемдік және библиографиялық серияларды шығару, өмірдің мәдени, және ғылыми-білімділік, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өзгерістерін, қазақ мемлекеттігі қалыптасуының сан қырлы мәселелерін көрсететін өзекті, мазмұнды шығармаларды шығару, Қазақстан Республикасының облыстары бойынша мәдени және тарихи ескерткіштердің еркін томдарын шығаруда дайындық жүйелік жұмысты жүзеге асыру, тарих ғылымының теориялық проблемаларын әзірлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиетті шығару, жоғары сапалы баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету, ғылыми білімділікті дәріптеу, жазба және ұлттық әдебиеттің жақсы үлгілерін әзірлеу, шығару, мәдениет және әдебиеттің әлемдік ғылыми жетістіктеріндегі мемлекеттік тілдегі ойлары, Ұлттық мұрағат қорды байыту және сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жоғары сапалы баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 433 атаулар бойынша әлеуметтік-маңызды әдебиеттердің түрлерін шығару, жалпы көлемі 9337 басылым беттері, әр басылымның таралымы 2000-нан 3000 данаға дейін, 14 облысқа, Алматы, Астана қалаларына, республиканың аумағында орналасқан кітапханалар үшін 3495 бірлік құрамында жіберіледі.
Соңғы нәтиже: Қоғамның рухани әлеуеттігін бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік арқылы нығайту, тарихи-мәдени мұраны, әлеуметтік-мәдени инфраструктураны дамыту және сақтау, кәсіби өнер мен халық шығармашылығының дамуы жағдайын қамтамасыз ету, мәдени мұраның, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениетті, фольклорды, салт-дәстүрдің ауқымды оқыту жүйесін құру, көпғасырлық жазба және ұлттық әдебиеттің тәжірибесін жинақтау, ғылымдық және көркемдік топтастырылған серияларды құру; әлемнің озық жетістіктер базасында мәдениет пен әдебиеттің, ғылыми ойлаудың гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір басылымды шығарудың орташа шығыны 329 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: оқырмандардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындау.
Сапасы: оқырмандардың санын көбейту, елдегі халықтардың интеллектуалдық, рухани-білімділік және интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеру, қазақ тілінде әлемдік көркем әдебиеттердің теңдесіз туындыларын шығару, өскелең ұрпақты жалпыәлемдік идеалдар құндылығы рухында тәрбиелеу, мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту, әлеуметтік-коммуникативтік қызметті ұлғайту және нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470a қаулысына 30-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-30 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік
саясатты жүргізу» деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 224 098 мың теңге (екі жүз жиырма төрт миллион тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» атты 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы» 2002 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» атты 2006 жылғы 20 наурыздағы № 68 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ішкі-саяси тұрақтылықты нығайтуға арналған мемлекеттік саясатты қалыптастыру, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдіру, саяси реформаларды жүргізу, азаматтық қоғамды дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Азаматтық бейбітшілік пен қоғамның ілгері дамуына жағдай жасауға бағытталған, этносаралық қатынас саласындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттардың тиімді түрде бірлесе іс-қимылы қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе іс-қимыл ынтымақтастық жүйесін жетілдіруге бағытталған көлемді шараларды іске асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей қорытынды:
- Қоғамдық-маңызды сипаттағы жалпыреспубликалық 15 іс-шаралар өткізу.
- Қазақстан қоғамының демократиялық ары қарай дамуына септігін тигізетін 16 әрдайым жұмыс жасайтын мәжілістер өткізу.
- Аймақтық қауіпсіздіктің қазіргі маңызды мәселелеріне қатысты (соның ішінде 3 саясимәдениетті мемлекеттердегі этносаралық және конфессияаралық келісім мәселесі жөнінде) 5 халықаралық конференцияны дайындау мен өткізу.
- Жастар мен студенттер арасында белсенді өмір салты ұстанымын қалыптастыруға шақыратын 2 үлкен көлемді жоба өткізу.
- Этносаралық және саяси-қоғамдық ахуалды болжау мен зерттеуге бағытталған 4 әлеуметтік мониторинг, 3 әлеуметтік зерттеу және 1 (бір) сараптық сұрақнама өткізу.
- 70 әлеуметтік маңызды жобалардың қоғамдық бірлестіктер тарапынан іске асуына қолайлы жағдай жасау.
- Насихаттық жаңа технологияларды қолдану жөнінде мемлекеттік қызметкерлерге арналған 4 оқыту семинарын өткізу.
- Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттауға бағытталған 11 үлкенкөлемді іс-шара өткізу (тікелей қатысатындар саны - 8 600 адам).
Соңғы қорытынды: Ел азаматтарының саяси өмірінің либералдануы және саяси мәдениетінің қалыптасуы. Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен, саяси партиялармен және қозғалыстармен конструктивті түрдегі бірлесе іс-қимылы. Қазақстан азаматтарының патриотизмі, рухани-салттық потенциалының дамуы. Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық алдындағы имиджінің көтерілуі.
Қаржылық-экономикалық тиімділік:
Республикалық көлемдегі бір іс-шараны өткізуге жұмсалатын шығындардың орташа бағамы - 1 535 мың теңге;
Аймақтық көлемдегі бір іс-шараны өткізуге жұмсалатын шығындардың орташа бағамы - 630 мың теңге;
Бір әлеуметтік маңызды жобаны өткізуге жұмсалатын шығындардың орташа бағамы - 1835 мың теңге;
Бір әлеуметтік зерттеудің орташа бағамы - 1360 мың теңге.
Кезектілік: Әлеуметтік-маңызды іс-шараларды бекітілген жоспарға сәйкес өткізу.
Сапа: Ұлтаралық бірлік, қоғамдық келісім мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтап қалу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470a қаулысына 31-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-31 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Бұқаралық ақпарат құралдарын институционалдық дамыту»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 315 000 мың теңге (бір миллиард үш жүз он бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 15 тамызда № 1165 «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы жүзеге асырылуының әрі қарайғы шаралары» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары сапалы телевизия және радио бағдарламаларын өндіру; Қазақстанда телекоммуникациялық инфрақұрылымдар арқылы телерадио бағдарламалары таратылуының қазіргі заманға сай жүйесін құру, қазіргі әлемдік технологиялық жабдықтарымен қамту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тұрғындарды "Қазақстан" ұлттық телеканалының, "Қазақ радиосы" бағдарламаларымен кең көлемде қамтуға қол жеткізу; жоғары сапалы телевизия және радио бағдарламаларын жасау; осы саланы қаржыландыру үшін қолайлы жағдай және тиімді өндірістік-техникалық базасын құру, мемлекеттік қауіпсіздіктің ақпаратттық жүйесін қалыптастыру, тәуелсіз Қазақстанның электронды шежіресін жасау, елдің тұңғыш Президенті туралы киновидеоматериалдардың шығармашылық және технологиялық көрсеткіштері жағынан жоғары сапалы өндіру, Қазақстан Республикасының жағымды имиджі туралы кинобейнефильмдерді жасау, Республикада өткізілген әртүрлі халықаралық шаралардың, сапалы және тақырыптық кино, аудио және бейне материалдардың берілуі, ғылыми-танымдық және көңіл көтеру-ойын жанрындағы компьютерлік бағдарламалар мен циклдер, бейнесериалдарды жасау, Қазақстанның халықтық музыкалық мұраларының және өткен жылдардағы қазақ фильмдерін өңдеп, қайта жасап, тарату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, мемлекет пен қоғам, тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тікелей нәтиже: 2005 жылдың 31 қаңтарына қоғамның жарғылық капиталы 2 025 568 000 теңгені құрайды. Бюджеттік бағдарламаның орындалу нәтижесінде жарғылық капитал 64,92 пайызға өсіп, 3 340 568 000 теңгені құрайды. Бұл акцияның қосымша таралымын тартып, негізгі қаржылық және өндірістік көрсеткіштердің тұрақты өсуі сақталады. "Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясының ғимараты құрылысына жобалы-сметалық құжаттама дайындалады.