Соңғы нәтиже: ақпараттық кеңістікте мемлекеттің қатысуын кеңейту, мемлекеттік электронды БАҚ ұстанымдарын нығайту, "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының үлесіндегі мемлекеттің қатысуын нығайту. "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының жарғылық шешімдерінің сапалы орындалуы үшін материалдық базаны жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Номиналды құны 10 000 (он мың) теңге 131 500 дана акцияның қосымша таралымы.
Сапа: Әлемдік стандарттарға сай келетін сапалы телерадиобағдарламаларының таралымын, сонымен қатар тұрғындардың толыққанды ақпараттануын көбейту. Телевизиялық және радиобағдарламалардың техникалық сапасын арттыру, "Қазақстан" РТРК материалдық базасын техникалық жаңғыртуды қамтамасыз ету, жарғылық капиталдың салымы ретінде технологиялық қондырғыларды сатып алу, ақпараттық өнімнің сапасын жақсарту, өткізу нарығын кеңейту, дамыту стратегиясына бағытталған - бизнес құру, материалды-техникалық жарықтандыруды жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470a қаулысына 32-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-32 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру
және оларды қайта даярлау»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 37619 мың теңге (отыз жеті миллион алты жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық кәсіби деңгейін жоғарылату арқылы мәдениет саласының дамуына жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Нарық экономикасы талаптарының өсуіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы құрылымдық өзгерістерге сәйкес қызметкерлердің теориялық білімін, кәсіби шеберлігін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: