«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы
№ 145 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 606 Қаулысы
Темір жол көлігін одан әрі қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 6, 84-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» деген 5-бөлімде:
«Қамтамасыз ету қызметін қайта құрылымдау» деген 5.1-кіші бөлімде:
екінші абзацтағы «2005 жылдың екінші жарты жылдығына дейін» деген сөздер алынып тасталсын;
жетінші абзацтағы «жаңадан құрылатын «Теміржолэнерго» акционерлік қоғамына» деген сөздер «2006 жылдың соңына дейін ағымдағы жылға арналған айналым қаражатымен бірге жергілікті атқарушы органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «және «Теміржолэнерго» деген сөздер алынып тасталсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 жылдың соңына дейін «Теміржолсу» және «Теміржолжылу» акционерлік қоғамдарының сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектілері ағымдағы жылға арналған айналым қаражатымен бірге жергілікті атқарушы органдарға беріледі.»;
«Негізгі қызметті қайта құрылымдау» деген 5.2-кіші бөлімде:
төртінші абзацтағы «бірнеше жүк жөнелтушілер пайдаланатын кірме жолдарды беру жөніндегі қызметтерді қоса» және «Бұл үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірнеше жүк жөнелтушілер пайдаланатын және «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының меншігіндегі барлық кірме жолдарды сатып алатын болады.» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Көліктік сервис орталығы» АҚ бірнеше жүк жөнелтуші пайдаланатын кірме жолдарды беру жөніндегі қызметтерді тең жағдайда көрсете отырып, кірме жолдардың операторы функцияларын жүзеге асыратын болады. Ол үшін «Көліктік сервис орталығы» АҚ-қа магистральды темір жол желісінің негізгі қызметіне жатпайтын, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың «Магистральды желі дирекциясы» филиалының теңгеріміндегі кірме жолдар берілетін болады.»;
бесінші абзацтағы «осы тұтынушыға» деген сөздер алынып тасталсын;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
он үшінші абзац алынып тасталсын;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазкөліксервис» АҚ-тың акциялары пакетінің 100%-ы темір жол көлігінің контейнерлік тасымалдарын, ішкі және транзиттік қатынастардағы мультимодальдық тасымалдарды дамыту үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың жарғылық капиталында сақталатын болады. Бұл ретте 2006 жылы «Қазкөліксервис» АҚ «Қазтеміржолкөлік» АҚ-тан фитингтік тұғырнамалардың бүкіл мүкәммал паркін қабылдайды»;
он бесінші абзацта:
бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Каскоркөліксервис» АҚ-тың акциялары пакетінің «Қазкөліксервис» АҚ-қа тиесілі 12,69%-ы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың меншігіне берілетін болады.»;
«2005» деген сандар «2006» деген сандармен ауыстырылсын;
«бірінші» деген сөз «үшінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
он алтыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Нарық секторын қалыптастырғаннан кейінгі темір жол саласының
Құрылымы