2005 жылы ИСО 9001 халықаралық стандарттарынан өткен Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының барлық саны 409-ды құрайды, 2006 жылы күтілетін күтім - 20 %;
экономиканың шикізаттық емес секторына ірі шетел инвесторларын тарту;
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын одан әрі өсіру үшін жағдайлар жасау;
мемлекет мүдделерін және тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғауды қамтамасыз ету;
барлық өлшемдер түрлерін шынайы есепке алуды қамтамасыз ету;
отандық тауар өндірушілердің алыс және жақын шетел компанияларымен тиімді келісім-шарттар және шарттар жасасуы (бұрын өткізілген көрмелер тәжірибесін ескере отырып, көрмеге қатынасқан кәсіпорындардың 50 %-дан астамы шетелдік компаниялармен ынтымақтасу туралы шарттар жасайтынын атап кету қажет);
шағын кәсіпкерлік субъектілер санын 692,6 мыңнан 734,0 мыңға дейін ұлғайту;
тауар рыноктарының шоғырлану деңгейін, 25 тауар көрінісі бойынша тауар рыногының құрылым деңгейінің көрсеткіштерін айқындау, бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
Қазақстан Республикасы мен алыс, жақын шетелдері арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіру салдарын бағалау есебі.
Қаржы-экономикалық нәтижелері:
Қазақстанның жақсы тауарлары конкурсына 1 қатысушыны тартуға кететін орташа шығын - 175 мың теңге;
1 кадастрды жүргізуге және басуға кететін орташа шығын - 48,5 мың теңге;
1 аттестациялық зерттеу жүргізуге кететін орташа шығын - 24,1 мың теңгені құрайды;
сапа менеджментін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға кететін орташа шығын 4700,0 мың теңгені құрайды.
лицензияның 1 бланкісін дайындауға кететін орташа шығын - 0,45 мың теңге;
сатып алуға кететін орташа шығын 0,595 мың теңге, сынау - 3,4 мың теңге;
1 аумақтың бөлімше үшін сапа менеджментін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға кететін орташа шығын - 1875,0 мың теңгені құрайды; кез келген түрде орамадағы қатталған тауарлардың санын қадағалау бойынша 1 метрологиялық аспапты сатып алуға кететін орташа шығын кемінде 1851,0 мың теңгені құрайды;
жылжымалы зертхананы сатып алуға кететін орташа шығын кемінде 9312,0 мың теңгені қурайды;
технологиялық көлікті сатып алуға кететін орташа шығын кемінде 1346,0 мың теңгені қурайды;
КМҚ-ты 3500,0 мың теңгеге сүйемелдеу;
ДСҰ-мен техникалық кедергілер жөніндегі өзара іс-қимыл бойынша ақпараттық орталық жүйесін сүйемелдеу - 5500 мың теңге; инвестицияларды қолдау жөніндегі 1 семинар, саммитке кететін шығын 400 мың теңгені, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін ШИС 3310 мың теңгені, 1 жарнамалық-ақпараттық өнімді басуға кететін шығын - 3,8 мың теңгені құрайды;
шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ құрылымындағы үлесін ұлғайту кемінде 35 %;
бұрын өткізілген тәжірибелерге сілтеме жасай отырып, көрмеге қатынасқан кәсіпорындардың 50 %-дан астамы шетелдік компаниялармен ынтымақтасу туралы шарттар жасайтынын атап кету қажет, бұл қазақстандық экспорттың құрылымын жақсартуға, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту және түрлерді ұлғайту негізінде кәсіпорындардың экспорттық тиімділігін және ауқымын арттыруға мүмкіндік береді;
1 мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығын - 15,2 мың теңге; 1 мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға кететін орташа шығын 13,5 мың теңге; ағылшын тіліне - 15,0 мың теңге; 1 сарапшы - аудиторды дайындауға кететін орташа шығын 635,0 мың теңге.
Уақтылығы:
жүктелген функцияларды уақтылы орындау. Қоғамдастыққа Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы уақтылы хабар беру және экономиканың басым кластерлерін дамыту;
техникалық тапсырмаға (ерекшелікке) және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы:
қазақстандық тауарларды сыртқы рыноктарға экспорттық жылжыту үшін жағдайлар жасау, қазақстандық кәсіпорындардың жүргізілген іс-шаралардың ұйымдастырылуынан қанағаттану деңгейі, БАҚ-та басылымдар, көрменің сәтті өткізілгені туралы пікірлер. Қазақстандық қатысуды ұлғайту;
техникалық тапсырмаға (ерекшелікке) және жасалған шарттарға сәйкес;
инвесторларды инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралар туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы экономикалық шарттарға сәйкес, кәсіптік мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
327-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне тұрғын үй салуға кредиттер беру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 22000000 мың теңге (жиырма екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет Басшысының "Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын" орындаудың желілік кестесінің 35-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың қалың топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамытудың проблемаларын кешенді шешу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: рыноктың тарабынан да және сұраныс тарабынан да тұрғын үйдің толыққанды теңгермелі рыногын құру;
халықтың қалың топтары үшін ипотекалық кредиттер беру мен тұрғын үй құрылыс қорланымдарының қолжетімділігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже.
- кредиттік тұрғын үйді болжанатын пайдалануға беру 0,42 млн. шаршы метрді құрайды;
- құрылыс өнімі импортының көлемін азайту;
- рыноктың тарабынан да және сұраныс тарабынан да тұрғын үйдің толыққанды теңгермелі рыногын құру;
- құрылыс индустриясының тиімді рыногын қалыптастыру;
Түпкілікті нәтиже.
- республика бойынша тұрғын үй құрылыстың барлық көлемі 4,2 млн. шаршы метрді құрайды.
- тұрғын үй құрылысын дамытудың проблемаларын шешу;
Қаржы-экономикалық тиімділік.
- инвестициялық салымдардың тиімділігін арттыру және жаңа қазақстандық сметалық нормативтердің жүйесі арқылы қаржы қаражаттарын жұмсауды оңтайландыру;
- құрылыс қызметінен бюджетке салықтарды, оның ішінде, құрылыс саласы қызметкерлерінен мүлік салығын, табыс салығын жинауды ұлғайту;
- құрылыс материалдары, электротехникалық өнеркәсіп, металлургия және химия өнеркәсібінің өнімін, сондай-ақ жаңа тұрғын үйді жайғастыру заттарын шығаруды ұлғайту есебінен салалас салаларындағы мультипликативтік тиімділік;
Уақтылығы:
- тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жыл сайынғы қарқыны өсуі кезінде үш жылда жалпы аумағы 12 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынатын болады;
- 45 мыңнан астам адамға жаңа жұмыс орындарын құру;
- тұрғын үйдің бастапқы рыногы және инвестициялық процесс одан әрі дамиды;
Сапа.
- тұрғын үй қорының қолайлылығын жақсарту;
- қалалар мен басқа да елді мекендердің сәулет бейнесін жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
328-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мырғалымсай кен орны кеніштерін жою"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 502619 мың теңге (бес жүз екі миллион алты жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Кентаукеніштерінжою" республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 қарашадағы № 1488 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" мемлекеттік бағдарламасы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Кентау, Түркістан қалаларының өңірлерінде және оған жақын 20-дан астам елді мекендерде экологиялық апаттың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Кентау қаласының оңтүстік-батыс ауданындағы "Глубокий" кенішінің Клетьев діңгегінен суағар қазбасының өткіні бойынша және жобаларға сәйкес Баялдыр қалдықсақтауышын тоқтату және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
2006 жылы Кентау қаласының оңтүстік-батыс ауданындағы "Глубокий" кенішінің суағар қазбасының өткіні бойынша жобаға сәйкес жұмыстың жалпы көлемінен 56,0%-ға сәйкес келетін көлемінде жұмыс, 90,0 % жобаны іске асыруды бастаудың барлығы орындалатын болады;
2006 жылы Баялдыр қалдықсақтауышын консервациялауды жалғастыру жөніндегі жұмыстар жоба бойынша жұмыстардың жалпы көлемінен 60,0 %-ға сәйкес келетін көлемде, 80,0 % жобаны іске асыруды бастаудың барлығы орындалатын болады.
Түпкілікті нәтиже:
Кентау, Түркістан қалаларының өңірлеріндегі және оған жақын 20-дан астам елді мекендердегі тұрғын үй массивіне және ауыл шаруашылығы алқаптарына улы шаңдардың түсуінің ең аз қатері.
Қаржы-экономикалық тиімділік: халық пен ұйымдарға зиянды өтеуге арналған бюджеттік қаражатты міндетті бөлуді талап ететін мүмкін болатын жағдайдың туындауының алдын алу.
Уақтылығы: күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес.
Сапасы: ПСД-ға сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
329-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін нысаналы
даму трансферттері" деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 20000000 мың теңге (жиырма миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықты тұрудың тиісті жағдайларымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жеке тұрғын үй құрылысы аумақтарын және көп пәтерлі тұрғын үйлерді инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: *Тікелей нәтиже:
- 2,6 млн. шаршы метр инженерлік желілерді пайдалануға беру.
Түпкілікті нәтиже:
- тұрудың тиісті жағдайларында халықтың қажеттілігін неғұрлым толық қанағаттандыру.
Қаржы-экономикалық тиімділік:
- 1 шаршы метрге инженерлік-коммуникациялық желілерді салуға шығыстар 7700 (жеті мың жеті жүз) теңгені құрайды.
Уақтылығы:
- Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру үшін инженерлік-коммуникациялық желілерді пайдалануға берудің кестесіне сәйкес.
Сапасы:
- СНиП-тарға сәйкес;
- тұрғын үйлерді салу аумақтарының қажеттіліктеріне инженерлік-коммуникациялық желілерін коммуналдық және басқа да қызметтеріне толық сәйкестігі.
Ескерту: *) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар (бекітілген күні мен № немесе ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының қорытындысын көрсете отырып), трансферттерді игеру шеңберіндегі сандық және сапалық көрсеткіштер, күтілетін нәтижелер тиісті жергілікті бюджет бағдарламалардың паспорттарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
330-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Құрылыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 73460 мың теңге (жетпіс үш миллион төрт жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ Заңының 28 және 29-баптары; "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы, "Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: адамның толыққанды мекен ету және өмір қызметін қалыптастыру, құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібінің инновациялық дамуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - болуы мүмкін бұзушылық жер сілкіністерінен сейсмикалық тәуекелді және залалды төмендету;
- ғимараттардың және имараттардың тұрақтылығы мен ұзақ жарамдылығын қамтамасыз ету, оның ішінде күрделі инженерлік-геологиялық жағдайлардағы құрылыс үшін іргетастарды және ғимарат негіздерін тиімді құрастырмалық шешімдер әзірлеу;
- импорт алмастырушы құрылыс материалдарының, бұйымдарының, құрастырмаларының өндірістері технологияларының жаңа түрлерін алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
саланың дамытудың перспективаларын айқындау үшін шикізат базасын кешенді бағалау.
Түпкілікті нәтиже:
жер сілкінісінен мүмкін болатын зиянды азайту, жаңа технологиялармен және нормативтік құжаттармен құрылыс индустриясының базасын дамытуды қамтамасыз ету, тиімді, экологиялық таза құрылыс материалдарын шығаруды дамыту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 10494,3 мың теңге құрайды;
Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы:
ғылыми-техникалық өнімнің халықаралық талаптармен жұмыстар нәтижелеріне сәйкестігі, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың оң қорытындысы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
331-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 964540 мың теңге (тоғыз жүз алпыс төрт миллион бес жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургия кешенін дамытудың тұрақты қалыптасуын және стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз етудің" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 187 қаулысы; "Жұқпалы ауруларға қарсы жаңа препараттар әзірлеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы № 703 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қолданыстағы технологияларды жетілдіруге бағытталған ғылыми-техникалық өнімді құру, жаңа материалдарды жасау және жұқпалы ауруларды азайту
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жаңа ғылымды қажетсінетін технологияларды, материалдар мен дәрілік препараттарды әзірлеу жөніндегі қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу;
өнеркәсіптің тау-кен металлургия саласын дамыту және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу;
халықаралық стандарттар бойынша жұқпалы ауруларға қарсы тәжірибелік өндірісті құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: