7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: АТО АЭА-ны бірінші кезекте 2006 жылғы наурыз-сәуірде ашу;
2006 жылғы жоспар бойынша АТО АЭА-ның аумағында тіркелген және жұмыс істеуші фирмалардың саны - 20-25 күтілуде.
2006 жылғы жоспар бойынша жерді уақытша пайдалану құқығында АТО АЭА-ның аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен жалға алудың жасалған шарттарының саны - 5-7 күтілуде;
Сараптамалық кеңестің зерттеген АТО АЭА-ға қатысушылары жобаларының саны - 20-25 жоспарлануда;
"Бір терезеден" қағидаты бойынша құжаттарды қабылдау-беруді ұйымдастыру.
Түпкілікті нәтиже: АТО АЭА-ның Дирекциясының тиімді қызметінің нәтижесінде мыналар: АТО АЭА-ның аумағында инновациялық жобаларға 100 млн. теңге көлемінде инвестицияларды тарту;
ақпараттық технологиялардың бағдарламалық өнімдерінің жаңа түрлерін өндіру жөніндегі жобалар саны 10 іске асатынын қамтамасыз етіледі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: АТО АЭА-ның Дирекциясын ұстауға республикалық бюджеттен бөлінген 1000 теңгеге 5000 теңгеден аса көлемде инвестициялар тартылатындығы ұйғарылады.
Уақытылығы: "АТО" АЭА-ның қалыптасуы мен дамуының 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын орындау;
Сапасы: АТО АЭА-ның тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайдың жеткіліксіз ұйымдастырылуына қатысушылар тарапынан шағымның жоқтығы.
Орталық атқарушы органның шешімдерін іске асыру жөніндегі функицяларды тиімді жүзеге асыруға оң қорытынды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
344-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықтарды дамытуға
берілетін нысаналы даму трансферттері"
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8114073 мың теңге (сегіз миллиард бір жүз он төрт миллион жетпіс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымдары мен жолдарын 2010 жылға дейін дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының тұруы үшін қолайлы орта жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жайлы тұру жағдайларын жасау үшін коммуналдық шаруашылықтың инженерлік инфрақұрылымын ұлғайту және жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Мына жобалар бойынша орындалған жұмыстардың көлемі: "Астана қаласының сол жағалау аумағының құрылыстарын су басудан инженерлік қорғау, құрғату, топырақ суларының деңгейін төмендету"; "Талдыкөл ағынды суларды жинақтауышты қайта қалпына келтіру арқылы жою";
"Жауынды су кәріздері жүйелерін дамыту"; "Астана қаласында бірінші кезектегі объектілерге инженерлік желілер тарту және аббаттандыру";
"Астана қаласында жобаланатын және салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне инженерлік желілер мен жолдар салу"
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасының, қаладағы тұрғындардың қолайлы тұруы үшін коммуналдық шаруашылық объектілерін пайдалануға беру.
Уақыттылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сай.
Сапа: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту: *) Заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар (бекітілген күні мен № немесе ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының қорытындысын көрсете отырып), трансферттерді игеру шеңберіндегі сандық және сапалық көрсеткіштер, күтілетін нәтижелер тиісті жергілікті бюджет бағдарламалардың паспорттарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
345-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне қалалар мен елді мекендерді көркейтуге
берілетін нысаналы даму трансферттері"
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6439900 мың теңге (алты миллиард төрт жүз отыз тоғыз миллион тоғыз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"2004-2006 жылдарға арналған Арал жағалауы проблемаларын кешенді шешу жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 520 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы тұрғындарының демалуы мен тұруы үшін қолайлы орта жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы халқының тұруына арналған қолайлы орта жасау үшін инфрақұрылымды дамытуға арналған шарттарды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Астана қаласындағы Президент саябағының, Арай саябағының, бас алаңның құрылысы, Астана қаласындағы Есіл өзенінің арнасын қайта жаңғырту, Қызылорда қаласының су құбыры және кәріздер желісін қайта жаңғырту және кеңейту жөніндегі орындалған жұмыстардың көлемдері.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасы тұрғындарының қолайлы тұруына және демалуына арналған объектілерді іске қосу.
Қаржылық-экономикалық тиімділік: республика үшін экономикалық тиімділік Қазақстан Республикасы тұрғындарының демалуы мен тұруы үшін қолайлы орта жасау жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі.
Уақытылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сай.
Сапа: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту: *) Заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар (бекітілген күні мен № немесе ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының қорытындысын көрсете отырып), трансферттерді игеру шеңберіндегі сандық және сапалық көрсеткіштер, күтілетін нәтижелер тиісті жергілікті бюджет бағдарламалардың паспорттарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
346-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту"
деген 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10000000 мың теңге (он миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды және дамытуды белсендендіруді күшейту жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентінің 29 тамыздағы 2002 жылғы № 936 Жарлығына сәйкес енгізілген өзгерістермен); Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1268 Жарлығы; "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 886; 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 44; 1998 жылғы 23 қазандағы № 1077; 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 1346; 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175; 2003 жылғы 11 маусымдағы № 571 қаулыларына сәйкес енгізілген өзгерістермен); "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының қызметі туралы 2005-2007 жылдарға арналған меморандумын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 514 қаулысы; Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 450 қаулысы; "Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысы; "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған дамуы Тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 397 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қызметтерді ұлғайту мақсатымен "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ны капиталдандыру. Халықтың әртүрлі жіктерінің қажеттілігін туғызатын, мүдделері мен мүмкіндіктеріне жауап беретін, оларда бар кәсіпкерлік әлеуетті және бастаманы іске асыруға ниет қойған "Қаржылық супермаркет" қағидаты бойынша қор қызметін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - Қазақстан Республикасында микрокредиттер берудің жүйесін дамыту, микрокредиттік ұйымдардың жаңасын құру және қолданыстағыларын қаржыландыру;
- шағын бизнес субъектілерінің екінші деңгейдегі банктерде олардың кредиттерді алуы кезінде шағын бизнес субъектілері үшін кепілдер беру;
- жобалық қаржыландыруды және қаржылық лизингті жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- республика өңірлерінде микрокредиттер беру жүйесін дамыту үшін жағдайлар құру, сондай-ақ микрокредиттік ұйымдардың жаңасын құру және қолданыстағыларын қаржыландыру;
- шағын бизнес субъектілерінің екінші деңгейдегі банктерде олардың кредиттерді алуы кезінде шағын бизнес субъектілері үшін кепілдер беру;
- жобалық қаржыландыруды және қаржылық лизингті жүзеге асыру.
Түпкілікті нәтиже:
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қызметтерді ұлғайту;
- халықтың әртүрлі жіктерінің қажеттілігін туғызатын, мүдделері мен мүмкіндіктеріне жауап беретін, оларда бар кәсіпкерлік әлеуетті және бастаманы іске асыруға ниет қойған "Қаржылық супермаркет" қағидаты бойынша қор қызметін қалыптастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- қор көрсететін қаржылық қызметтерінің спектрін кеңейту;
- шағын кәсіпкерлік субъектісінің кредит беру көлемін ұлғайту 50 млр. теңгеге дейін;
- қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларының құнынан 50-80%-ке 5 млрд теңгеге дейін сомаға кепілдіктер беруі жеке инвесторлардың 24 млрд. теңгеге дейін сома тартуға алып келеді;
- микроқаржылық ұйымдар құру және қолдау арқылы республиканың қаржылық жүйесінің үшінші деңгейін дамыту;
- шағын бизнес үшін кредиттердің құнын арзандатуға алып келетін банктер мен басқа инвесторлардың тәуекелдерін төмендету;
Уақтылығы:
- "ШКДҚ" АҚ-ның қатысуымен микрокредиттік ұйымдар құру және оларды ресурстық қолдау (40 МКО), қолданыстағы микрокредиттік ұйымды кредиттеу (кемінде 60 МКО);
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын ұлғайту, шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін адамдардың санын ұлғайту - 35000 кәсіпкерлерден жоғары;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі қорларын жаңарту және жаңғырту, шағын бизнес кәсіпорындарын капиталдандыруды ұлғайту - 300 кәсіпорыннан кем емес;