7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 2,8 км. жылумен қамтамасыз ету желісін жөндеу;
- 2,5 км. сумен жабдықтау желісін жөндеу;
- 2,8 км. кәріз желісін жөндеу;
- 1 бірлік бас тоғанды жөндеу;
- тұрғын үйлерді жөндеу, оның ішінде:
- 37 кіреберістерді жөндеу;
- 910 шаршы метр шатырды жөндеу;
- 320 шаршы метр маңдай алдын жөндеу;
- жылумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және кәріздің үй ішіндегі 2 желісін жөндеу.
Түпкілікті нәтиже:
- тұрғын үй-коммуналдық және коммуналдық шаруашылықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- жылумен қамтамасыз ету желісінің 1 м. жөндеуге арналған шығын - 13958,2 теңге;
- сумен жабдықтау желісінің 1 км. жөндеуге арналған шығын - 6597,2 теңге;
- бас тоғанды жөндеуге арналған - 6507 мың теңге;
- тұрғын үйлерді жөндеуге арналған шығындар, оның ішінде:
- 1 кіреберісті жөндеуге -180963 теңге;
- 1 шаршы метр шатырды жөндеуге - 7358,24 теңге;
- 1 шаршы метр маңдай алдын жөндеуге - 30003,12 теңге;
- жылумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және кәріздің үй ішіндегі 1 желісін жөндеуге - 9070 теңге.
Уақтылығы:
- жөндеу жұмыстарының бекітілген кестелеріне сәйкес сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету желілерін ағымдағы жөндеуді, мемлекеттік тұрғын үй қорын жөндеуді орындау.
Сапасы:
- МС-та бекітілгенге сәйкес келетін халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету;
- су қайтаруды толық қамтамасыз ету;
- жылу энергиясын үздіксіз тасымалдау;
- мемлекеттік тұрғын үй қорының нормативтік жағдайын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
348-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру"
деген 041 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 410840 мың теңге (төрт жүз он миллион сегіз жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 4, 9 , 10, 11, 14, 16-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру үшін туристік кластерді дамыту және Қазақстанның туристік беделін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ішкі рынокты қорғау, туристік іс-шараларды өткізу және қатысу арқылы туристік қызметтер экспортын ұлғайту, Қазақстан Республикасында туристік саланы кластерлік дамыту шеңберінде туризмнің инфрақұрылымына инвестицияларды тарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- республиканың туристік әлеуетін тарату мақсатында Қазақстанның бес халықаралық туристік көрмелерге қатысуын қамтамасыз ету;
- ішкі туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға ықпал жасайтын бес ішкі туристік іс-шараларды және Астана және Алматы қалаларында екі отандық туристік жәрмеңке өткізу;
- туристік мүмкіндіктер туралы жарнамалық-ақпараттық өнімдерді басып шығару (әр түрінен кемінде 10 мың данадан), әлемдік каналдарда республиканың туристік әлеуеті туралы бейне материалдарды көрсету (күніне кемінде 2 көрсетілім) және Қазақстандағы туризм туралы ақпараттық беймәлімділікті жою үшін әлемдік басылымдарда мақалалар, РR жариялау.
Түпкілікті нәтиже:
- Қазақстанның оң туристік беделін қалыптастыру мақсатында туристік қызметтің әлемдік рыногына Қазақстанның туристік өнімін жылжыту және Қазақстанның мүмкіндіктері туралы әлеуетті туристердің ақпараттандырылуын арттыру;
- жергілікті халық пен шетелдік азаматтардың арасында туристік мүмкіндіктерді тарату және Қазақстанда жұмыс істеу үшін шетелдік туроператорларды тарту;
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- Қазақстанның халықаралық туристік іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етуге арналған орташа шығыс - 10 млн. теңге;
- ішкі туристік іс-шараларды өткізуге арналған орташа шығыс - 1 млн. теңге;
2006 жылы шығу туризмінің ұлғайту көлемін 40,3 мың адамға дейін және ішкі туризм - 145 мың адамға дейін.
Уақтылығы:
- туризм дамуының салалық бағдарламасына сәйкес іс-шараларды іске асыру
Сапасы:
- туризм үшін тартымды ел ретінде Қазақстанның туристік беделін нығайту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
349-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері
арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде
әкімшілік функцияларға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 111 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 84029 мың теңге (сексен төрт миллион жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті органдардың қызметін, оларға жүктелген функцияларын барынша нәтижелі орындауына қол жеткізу үшін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті органдардың аппараттарын ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: жергілікті органдардың аппараттарына жүктелген функциялар мен міндеттерін сапалы және уақытылы орындау.