Тікелей нәтиже: Алматы қаласындағы "Шаңырақ" ықшам ауданында 400 орындық республикалық мектеп-интернаттың құрылысын аяқтау.
Соңғы нәтиже: спорттағы дарынды балаларға арналған объектілерді қолданысқа енгізу және спортпен айналысуға, жаттығуға жағдай жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: келісім шарттар бойынша жоспарланған жұмыстарды орындау.
Сапасы: заңдылық пен құрылыстық нормалардың талаптарына сай.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернатта белгіленген лимит шегінде орташа жылдық контингенті - 260 оқушыны, спортта дарынды балаларға арналған Қ.Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернатта штат саны белгіленген лимит шегінде орташа жылдық контингенті - 385 оқушыны, Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта штат саны белгіленген лимит шегінде орташа жылдық контингенті - 150 оқушыны оқыту; Спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: спортшыларды тасымалдау үшін 1 дана автокөлігін ("Газель"), спорттық мүкәмал - 7 дана, асхана жабдығы - 2 дана, арнаулы кабинеттерге арналған жиынтық сыныптар - 11 дана. Спортта дарынды балаларға арналған К.Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: байдарка мен каноэде есу бөлімінің спортшыларын тасымалдау үшін 1 дана автокөлік (микроавтобус); асхана жабдығы - 13 дана, спорттық мүкәмал - 41 дана және мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.
Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: медициналық жабдық - 1 дана, асхана жабдығы - 2 дана, тұрмыстық техника - 1 дана, спорттық мүкәмал - 44 дана, физика және биология кабинеттеріне арналған жабдық - 2 жиынтық.
Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіне жабдықтар сатып алу: нысана көздеуден сабақтар мен жаттығу өткізу үшін пневматикалық пистолет - 2 дана, вентовка - 2 дана, қазіргі көпсайыс бөліміне спорттық ат - 1 бас, велосипед спорты мен қазіргі көпсайыс бөлімінде оқу-жаттығу процесін өткізу үшін 1 дана микроавтобус, шаруашылық мұқтаждықтары үшін - 1 дана "Беларусь" тракторы. Кемінде 80 оқу-жаттығу жиынын өткізу, кемінде 75 республикалық және 45 халықаралық олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарысқа қатысу.
Соңғы нәтиже: олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын халықаралық деңгейдегі білікті спортшылармен толықтыру. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жабдықтармен жарақтандырылуы 32%-ды, республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінде 18%-ды құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мектеп-интернаттарда бір оқушыны оқытуға кететін шығынның құны - 577,8 мың теңге және олимпиада резерві мектептерінде бір спортшыға кететін шығынның құны - 144,3 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: халықаралық дәрежеде 182 спортшы және республика құрама командаларына келешегі бар үміткерлер дайындап шығару, оқу жоспары бойынша оқушылар даярлау және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттық іс-шараларға қатысу.
Сапасы: республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленуге және жоғары нәтижелер көрсетуге қабілетті спортшыларды даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-4-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 120873 мың теңге (бір жүз жиырма миллион сегіз жүз жетпіс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8 , 24, 43 және 44-баптары; "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 4 және 28-баптары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы" 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1264; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсіптік орта білімді, кәсіптік жоғары білімді, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлауға 2005/2006 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы" 2005 жылғы 25 мамырдағы № 508, "Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы" 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736, "Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылы 11 қазанда № 2007 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің "Спорттық іс-шараларға қатысушыларға тамақтану нормаларын белгілеу туралы" 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 06-2-2/208 және ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2008 болып тіркелген "Спорттық іс-шаралардың қатысушыларын фармакологиялық қалпына келтіру құралдарымен, витаминдермен және белоктық-глюкозалық препараттармен қамтамасыз ету туралы" 2002 жылғы 11 қазандағы № 06-2-2/209 бұйрықтары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоғамның дене шынықтыру және спорт саласында орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлау жөніндегі әлеуметтік-экономикалық талаптарын қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау үшін оқу процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау, насихатталатын олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын жоғары білікті спортшылармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: кем дегенде 13 халықаралық жарысқа даярлану және қатысу. Республикалық спорт колледжінде жылдық орташа контингенті - 238 адамды оқыту.
Республикалық спорт колледжінде мамандар даярлауға жағдайлар жасау үшін жабдықтар сатып алу: асхана жабдықтары - 6 дана, асханаға арналған жиһаз (түскі ас үстелдері - 40 дана, асханалық орындықтар - 160 дана, ыдыс салатын шкаф - 4 дана, өндірістік үстелдер - 3 дана).
Соңғы нәтиже: спорт ұйымдарында еңбекке орналасатын түлектердің үлесі - 60%, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыратын түлектердің үлесі - 40%-ды құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір оқушыны оқытуға кететін шығынның орташа құны - 492,8 мың теңге.
Уақтылығы: дене шынықтыру және спорт саласына 76 - орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлап шығару.
Сапасы: біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету арқылы дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-5 ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Спорт саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 40 000 мың теңге (қырық миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 20-бабы, «Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық спорт аренасында жоғары нәтижелерге қол жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндетi: тағаммен, медициналық-биологиялық және қалпына келтіру препараттарымен қамтамасыз ету жөнінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, жаттығудың жаңа әдістерін қолдану жолымен спортшылардың ағзаларының функционалдық мүмкіндіктерін арттыру. Ғылыми негізде жаттығу мен жарысу жүктемелерінің, демалудың, тамақтанудың, қалпына келтіру құралдарының, қатаң теңгермелік жүйесін жасау, жұмыс қабілетін ынталандыру және спортшы ағзасының функционалдық қорын жұмылдыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: