Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан
Республикасының 1999 ж. 23 шілдедегі № 451-1 Заңы
(2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар) 2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының (5 - 13 баптар)қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату (14 - 16 баптар) 4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының (17 - 19 баптар)азаматтармен және ұйымдармен қатынасы
5-тарау. Журналистің құқықтары мен міндеттері (20 - 21 баптар) 6-тарау. Журналистерді тіркеу (22 - 24 баптар) 7-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы (25 - 26 баптар)заңдарды бұзу үшін жауапкершілік
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 1-бап толықтырылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;