2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) арнайы резервтегі активтердің және меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін жүргізуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына және осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бұрынғы жұмыскерлерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің қатысушы банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
8-бап. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл жасау негіздері
1. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.
2. Осы Заңда көзделген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның активтерін инвестициялау тәртібін айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өз қызметін үйлестіреді, қабылданатын құжаттарды келіседі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жөнінде жүргізілетін іс-шаралар туралы бір-біріне хабарлайды.
9-бап. Уәкілетті орган мен депозиттерге міндеттi кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл жасау негіздерi
1. Уәкілетті орган мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өз қызметтерін үйлестіреді, қабылданатын құжаттарын келіседі және депозиттерге міндетті кепілдік беру бойынша жүргізілетін іс-шаралар жөнінде бір-бірін хабардар етеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беруді жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органнан депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.
3. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру
1. 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) уəкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге арналған лицензиясын алған күні депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша жасалған өтінішті, сондай-ақ уəкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге арналған лицензиясы туралы мəліметтерді ұсыну арқылы қосылу шартына қосылуға міндетті.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті орган қосылу шартына қосылу туралы өтініш ұсынбаған банкке (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес санкциялар қолдану туралы мәселені қарайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым банктен (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалынан) қосылу шартына қосылуы туралы өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ол туралы ақпаратты депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне енгізеді жəне банкті (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіргені жөнінде жазбаша нысанда хабардар етеді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болады.
6. 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
11-бап. Қосылу шарты
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) қосылу шартына қосылуы оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуының міндетті шарты болып табылады.
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның толық атауы, оның орналасқан жері және банктік деректемелері туралы мәліметтер;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) шарттың нысанасы;
3) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның оларды сақтау тәртібі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктердің шарт талаптарын орындау сәйкестігін анықтау жөніндегі, оның ішінде қатысушы банктің кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша міндеттемелерін және кепілдік берілген өтем сомаларын автоматтандырылған есепке алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда қатысушы банктердің кепiлдiк берiлетін депозиттер және солар бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өтейтін сомалар бойынша өз міндеттемелерін есептеу тәртібі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктің банктік шоттарынан толық немесе ішінара төленбеген жарналар сомасын, сондай-ақ қатысушы банк шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын акцептсіз тәртіппен есептен шығару құқығын қоса алғанда, тараптардың шартты бұзғаны үшін жауаптылығы туралы талаптар;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қайтару тәртібі мен шарттары;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен төлемдердің электрондық порталына қосылу және қол жеткізу шарттары мен тәртібін айқындайтын келісім жасасу міндеті қамтылуға тиіс.
3. Қосылу шарты депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген кезден бастап күшіне енеді және қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған жағдайда тоқтатылады.
12-бап. Қатысушы банктер жарналарының түрлері және оларды төлеу тәртібi
1. Қатысушы банк осы Заңға және қосылу шартына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға мынадай жарналар төлеуге міндетті:
1) міндетті күнтізбелік жарналар - қатысушы банктердің тоқсан сайынғы төлемдері;
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қосымша жарналар - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің қаражаты жəне осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тəртіппен пайдаланылатын меншікті активтері кепілдік берілген өтемді төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда төленетін қатысушы банктердің біржолғы төлемдері;
3) төтенше жарналар - қатысушы банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 23-бабында белгіленген тәртіппен алған қарыз сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны толық өтеуге арналған төлемдері.
Төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарналарды төлеу міндеттемелерін тоқтатып қоймайды.
2. Қатысушы банктің жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.
Қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарнасының мөлшері есеп берілген тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттері сомасының 0,5 процентінен аспауға тиіс.
Қатысушы банктің қосымша жарнасының мөлшері аталған қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өткен тоқсан үшін төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Қатысушы банктің төтенше жарнасының жылдық мөлшері аталған қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға тоқсан сайын төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның жылдық мөлшерінен аспауға тиіс.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап қатысушы банктің жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.
4. Қатысушы банктердің қосылу шартына сәйкес төлеген жарналары қайтарылмайды.
13-бап. Қатысушы банктің құқықтары мен міндеттерi
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді, 2021 ж. 1 мамырға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
1. Қатысушы банк:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан жарна ставкалары және оларды төлеу мерзімі жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беру мәселелері бойынша банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараты жоқ өзге де мәліметтерді алуға;
2) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы мәліметтерді таратуға құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қатысушы банк:
1) осы Заңға сәйкес жарналарды уақтылы және толық көлемде төлеуге;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) клиенттерге өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы хабарлауға, сондай-ақ банктік шот шартын және (немесе) банктік салым шартын жасасқан кезде жазбаша немесе банктік шот шартында және (немесе) банктік салым шартында көзделген тәсілмен оларды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы бекіткен нысан бойынша осы Заңда көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімдері мен тәртібі туралы, оның ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударуы туралы хабардар етуге;
3) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік берілген депозиттерді қайтару жөніндегі міндеттемелерін толық және уақтылы орындау мүмкін болмай қалуына әкеп соғатын жағдайдың туындағаны туралы мұндай жағдай туындаған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарлауға;
4) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өздері төлеген жарналар бойынша есептердің дұрыстығын растайтын мәліметтерді ұсынуға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді беруге;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1) қатысушы банк депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша қатысушы банктің активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтерді қоса алғанда, өз қызметі туралы, оның ішінде банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мəліметтерді жəне құжаттарды ұсынуға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) қосылу шартының талаптарын сақтауға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қосылу шартында көзделген тәртіппен қайтаруға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
8) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым жүргізетін, кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекіту жөніндегі рәсімдерге қатысуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 8) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3-тармақтың қолданысы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап 2021 ж. 1 мамырға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңның 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
3. Қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілік (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге жасалған депозиторлар тізілімін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті.
Екінші, үшінші бөліктер 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
Осы Заңның талаптарына сәйкес кепілді өтемді төлеу мақсаттары үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін жинауды және өңдеуді дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жүзеге асырады.
Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін өңдеуді және қорғауды Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
14-бап. Қатысушы банктің атауын өзгерту салдары
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қатысушы банк мемлекеттік қайта тіркеу туралы (есептік қайта тіркеу туралы) анықтаманы алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды өз атауының өзгергені туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қатысушы банктің атауы өзгерген жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктен растайтын құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне тиісті өзгерістер енгізеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы
15-бап. Қатысушы банкті депозиттерге міндеттi кепілдік беру жүйесінен шығару
1. Қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығаруға мыналар:
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) уәкілетті органның қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, олардың банк шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясынан не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыруы;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қайта ұйымдастыру, тарату жолымен қатысушы банктің қызметін тоқтату немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қатысушы банктің уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге берілген лицензияны ерікті түрде қайтарып беруi;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) қатысушы банктің осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамауы негіз болып табылады.
2. Қатысушы банк:
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) уәкілетті орган қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясынан не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырған кезде - уәкілетті органның осындай лицензиядан айыру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қатысушы банк мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған кезде - қатысушы банкті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) қатысушы банк ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған кезде - қатысушы банктiң ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуына уәкiлеттi органның рұқсатында көрсетілген күннен бастап;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) қатысушы банк ерiктi түрде таратылған кезде - қатысушы банктiң ерiктi түрде таратылуына уәкiлеттi органның рұқсаты алынған күннен бастап;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметі ерікті түрде тоқтатылған кезде - Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсаты алынған күннен бастап;