«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 169-III Қазақстан Республикасының Заңы (2025.31.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) қатысушы банк уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банкте шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияны ерікті түрде қайтарған кезде - оның ерікті түрде қайтарылуына байланысты лицензияның қолданылуы тоқтатылғаны туралы уәкілетті органның шешімі күшіне енген күннен бастап;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5) қатысушы банк осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамаған кезде - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы шешім қабылдаған күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылуға жатады.

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығару депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізілімінен ол туралы ақпаратты алып тастау арқылы жүзеге асырылады.

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге арналған лицензиядан уəкілетті органның айыруы, ерікті түрде қайта ұйымдастыру негізі бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша шығарылған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) шығарылған күнінен бастап үш ай ішінде депозиторлардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тікелей төлеу не басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтаруға міндетті.

Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен осы баптың 2-тармағының 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шығарылған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) депозиторлардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес қайтаруға міндетті.

 

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред. қара)

16-бап. Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің бір бөлігін және мәжбүрлеп таратылатын банктің мүлкін бір мезгілде беру ерекшеліктерi

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Депозиторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында төлемге қабілетсіз қатысушы банктің не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру операциясын жүргізуге жол берiледi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.

2. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 1-тармағына сəйкес басқа банкке (басқа банктерге) берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері төлемге қабілетсіз қатысушы банктің не барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған қатысушы банктің мүлкінің мөлшерінен асып түскен жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым пайда болған айырманы арнаулы резервтің қаражаты есебінен, ал олар жеткіліксіз болған жағдайда осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тəртіппен пайдаланылатын меншікті активтерінің есебінен толтыруға міндетті.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағына сәйкес беретін қаражат мөлшері кепілдік берілген өтем ретінде төленуге жататын, осы Заңның 18-бабына сәйкес айқындалатын сомадан аспауға тиіс.

 

 

5-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері. Кепілдік берілген өтемді төлеу мөлшері мен тәртібi

 

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді

17-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілерi

Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, банк шоттарында жатқан және банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарымен куәландырылған теңге мен шетел валютасындағы депозиттерді және қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнге есепке жазылған осындай депозиттер бойынша сыйақыны осы Заңда көзделген кепілдік берілген өтем сомалары шегінде депозиторларға қайтару бойынша қатысушы банктің міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылады.

Талап ету құқықтары заңды тұлғалар мен жергілікті атқарушы органдарға өтетін депозиторлардың депозиттері депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылмайды.

 

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-бап. Кепілдік берілген өтем

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторларға:

ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша - жиырма миллион теңгеден аспайтын;

ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша - он миллион теңгеден аспайтын;

шетел валютасындағы депозиттер бойынша - бес миллион теңгеден аспайтын қалдықтар сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.

Депозитордың қатысушы банкте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік берілген депозиттердің бірнеше алуан түрі болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша жиынтық кепілдік берілген өтемді депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік берілген өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде, бірақ жиырма миллион теңгеден асырмай төлейді.

2. Кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне айқындалған нарықтық бағамы пайдаланылады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор ретінде әрекет еткен жағдайда, кепілді өтемнің мөлшері аталған қатысушы банктің кепілдік берілген депозит сомасын және қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызу нәтижесінде түзілген айырма сомасы негізге алына отырып, қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге айқындалады.

 

19-бап. Депозиторлардың кепілдік берілген өтем алу құқықтары

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Депозитор осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтем алуға құқылы.

2. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Депозитор бірнеше қатысушы банктерде депозиттер ашқан жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді әрбір қатысушы банк бойынша жеке-жеке төлейді.

4. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-бап. Кепілді өтемді банк-агенттер арқылы төлеу

Кепілді өтем төлеуді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтем төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесінен таңдап алынған банк-агенттер арқылы жүргізеді.

Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қоятын талаптарға сай келетін банк-агенттер қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күніне депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен кепілді өтемді төлеу туралы келісім жасасуға міндетті.

Кепілді өтем сомасын және депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке аудару шарттары мен тәртібі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалады.

 

21-бап. Кепілдік берілген өтемді төлеу тәртібi

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде депозиторларға кепілді өтем төлеуді жүзеге асыратын банк-агенттердің тізбесін көрсете отырып, кепілді өтем төлеудің басталу күні, төлеу кезеңі мен орындары не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілді өтемді төлеудің басталуын кейінге қалдыру туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.

 Кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым хабарландыруды жариялаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді төлей бастау мерзімін кейінге қалдырған жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде төлеудің басталуы, кезеңі, орындары және шарттары туралы депозиторларға қосымша хабарлайды.

Депозитор аталған ақпаратты депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан тікелей алуға құқылы.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Кепілді өтемді алу үшін депозитор кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде:

депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға төлемдердің электрондық порталы не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда;

осы Заңның 21-бабының 1-тармағында көрсетілген банк-агенттер тізбесінен таңдап алынған банк-агентке қағаз жеткізгіште кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге құқылы.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Депозитордың барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банкке талап ету құқығы расталған кезде кепілді өтемді төлеу кепілді өтемді төлеуге өтініш және растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Депозиторларға кепілді өтемді төлеу, сондай-ақ қатысушы банктерді, қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілікті және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясын төлемдердің электрондық порталына қосу және олардың қол жеткізу тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.

5. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

21-1-бап. Кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін отыз жұмыс күні бұрын:

кепілді өтемді төлеу мерзімінің аяқталатын күні;

осы баптың 2-тармағында көзделген шарттар болған кезде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатыны туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.

Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен, кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған депозиторларға ақпарат берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдері мен нысандарын пайдаланады.

Депозитор осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады.

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына:

депозиторлар тізіліміндегі депозитордың дербес деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесіндегі жеке тұлғаның дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) сәйкес келген, сондай-ақ депозитордың жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат болған;

депозитордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоты болған жағдайларда, аударуды жүзеге асырады.

3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзара іс-қимылы келісім негізінде жүзеге асырылады, онда:

1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында ақпарат алмасу тәртібі мен мерзімдері;

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аудару, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қайтару тәртібі, мерзімдері және шарттары қамтылуға тиіс.

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген кепілді өтемді төлеуге өтініш депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде қарауына жатады:

депозитордың әскери қызметке кіруі;

депозитордың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуы;

депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;

депозитордың бас бостандығынан айыру орындарында болуы;

сот анықтаған өзге де мән-жайлар.

Кепілді өтемді төлеуге өтініш осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайлардың бірінің болғанын растайтын құжаттар қоса беріле отырып, қағаз жеткізгіште беріледі.

Кепілді өтемді төлеуге өтініш қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату) туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін не кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылған жағдайда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық басталғанға дейін берілуі мүмкін.

Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемді төлеуге өтініш келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Депозитор осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді өтемді төлеу туралы өтініш берген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағында көзделген келісімге сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлама жібереді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алғаннан кейін кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитор атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы шегінде қайтаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы қалдық кепілді өтемнің талап етілмеген сомасынан аз болған жағдайда, жетіспейтін бөліктің орнын толтыруды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебінен жүзеге асырады.

 

 

6-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резервi

 

22-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңда көзделген қатысушы банк депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:

1) 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қатысушы банктердің жарналары;

3) қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қатысушы банктерге қолданылған тұрақсыздық төлемі;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның төленген (төленетін) кепілді өтемнің сомалары жөніндегі талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша;

 5) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерiн орналастырудан түскен кiрiс;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртiппен оның шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған меншікті активтерін орналастырудан түскен кiрiс;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда одан алынған, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасы мөлшеріндегі ақша;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотынан қайтарылған жағдайда, осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған ақша шегінде және есебінен арнайы резерв қалыптастырады.

2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің нысаналы мөлшері қатысушы банктердегі бүкіл кепілдік берілген депозиттер сомасының бес процентінен кем болмайды.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві:

кепілді өтемді төлеу;

банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманың орнын толтыру;

депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасалған кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалған шарттарда және тәртіппен депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке өтеу;

осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының жетіспейтін бөлігінің орнын толтыру үшін пайдаланылады.

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Осы баптың 3-тармағында көзделген мақсаттар үшін арнаулы резервтің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым шығыстарды өзінің жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегінде меншікті активтері есебінен көтереді.