«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175-III Қазақстан Республикасының Заңы (2026.19.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен

Предыдущая страница

4. Жер учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына жатқызу туралы шешімдерді:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшін - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшін - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

Мемлекеттік орман қоры жерінде мемлекеттік өңірлік табиғи парк құрылған жағдайда осы жердің учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің санатына жатқызу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік орман қорының жерін ауыстыру туралы шешімінің негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді, мемлекеттік зоологиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалық бақтарды, мемлекеттік дендрологиялық парктерді және мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру және кеңейту үшін жер учаскелерін алып қою Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте жылжымайтын мүлік меншігіне құқық тоқтатылған жағдайда мүлікті меншік иесінен алып қою Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Табиғи кешендер толық немесе ішінара, мерзімсіз немесе белгілі бір мерзімге шаруашылық пайдаланудан алып қойылады және олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы ескеріле отырып, осы Заңда белгіленген тәртіппен, мемлекеттік табиғи қаумалдары мен мемлекеттік қорық аймақтарын қоспағанда, төлем шартымен пайдаланылады.

 

23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құқықтық режимi

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, олардың жерлері, су объектілері жəне (немесе) олардың учаскелері Қазақстан халқына тиесілі жəне иеліктен шығарылуға жатпайды. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.

2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен:

1) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін және қорғаныс мұқтажы үшін объектілерді салу, жайластыру, олардың жұмыс істеуі үшін;

2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу жəне олардың жұмыс істеуі жəне сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту үшін жəне шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;

3) осы Заңның 84-2-бабының 1-тармағына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;

4) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекарасында орналасқан жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға жəне кеңейтілгенге дейін жұмыс істеген, денсаулық сақтау жəне білім беру ұйымдары, қолданыстағы зираттар, кəріздік тазарту құрылысжайлары, электр беру желілері объектілерінің нысаналы мақсатын өзгертпей, оларды пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.

Барлауға арналған келісімшарт немесе барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде ресурстары мен қорлары Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеппен расталған пайдалы қатты қазбалар кен орнының табылуы пайдалы қатты қазбаларды өндіру үшін осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыруға негіз болып табылады.

Осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін пайдалы қатты қазбаларды өндіру мақсаттары үшін ауыстырған кезде:

1) жер қойнауын пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызу, сондай-ақ жұмыстар аяқталғаннан кейін пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің құнарлы қабатын қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдауы;

2) экологиялық әсер етуге бағалау жүргізу;

3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан елді мекендерде бұқаралық ақпарат құралдарында жазып-көрсете отырып, кең ауқымда қоғамдық тыңдаулар өткізу өндіру жөніндегі операцияларды жүргізудің басталу шарттары болып табылады.

Бұл ретте жер учаскесін үшінші тұлғаларға немесе кепілге беруге жол берілмейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың босалқы жерге ауыстырылған жері, егер оларды босалқы жерге ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде олар жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған болса, қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстырылады. Босалқы жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша - уәкілетті органның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша - уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі болған кезде жүзеге асырылады.

Босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.

2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды

2-2. Шөп шабуға және мал жаюға болатын, шектеулі шаруашылық қызмет аймағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскелері Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгіленген тәртіппен шөп шабу және мал жаю үшін қысқа мерзімді пайдалануға берілуі мүмкін.

2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-3. Шаруашылық қызметі шектеулі аймақтағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелері жеке жəне заңды тұлғаларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері босалқы жерлерге ауыстырылмай, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін табиғат қорғау ұйымымен жасалған, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде беріледі.

Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.

Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар жəне оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.

2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Азаматтық қорғау іс-шараларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынады.

2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде құрылысжайлар салуды, қауіпті геологиялық процестерден инженерлік қорғауды көздейтін іс-шараларды жүргізу табиғат қорғау ұйымымен жəне (немесе) мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдармен жасалған, сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды жəне сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде жүзеге асырылады.

Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды жəне сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.

Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды жəне сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар жəне оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.

 

24-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жерді резервте қалдыру

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бекiтiлген жаратылыстану-ғылыми негіздемелерге сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру туралы шешімдер қабылдайды.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін жерлерді резервте қалдыру жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерді алып қоймай жүргізіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құрамына бергенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен резервте қалдырылған жерлерді бұрынғы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелері пайдаланады.

3. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында резервте қалдырылатын аумақтағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешім қабылданғанға дейін шектелуі мүмкін. Бұл ретте жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың резервте қалдырылатын жер учаскелеріндегі шаруашылық қызметін шектеуге байланысты орын алған ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің залалдарына өтем алуға құқығы бар.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға немесе кеңейтуге арналған резервте қалдырылатын учаскелердегі шаруашылық қызметті шектеуге байланысты орын алған залалдарды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

5. Қалалар шекараларының шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту кезінде жерлерді резервте қалдыру белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларды ескере отырып, не қолданыстағы бас жоспарларға, қала салу регламенттеріне және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала салу кадастрына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.

 

25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты

1. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдар әрбір осындай аумақ бойынша белгіленген үлгідегі паспортты толтырады және оны уәкілетті органда тіркейді.

Тіркелген паспорттың әрбір данасы түпнұсқа болып табылады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында:

1) түрі мен санаты көрсетілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі мемлекеттік орган актісінің атауы, нөмірі және қабылданған күні;

3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттік органның атауы;

4) заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жүктелген ұйымның атауы;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың туристік инфрақұрылымы, географиялық координаттары, шекарасының сипаттамасы, аумағының көлемі және күзет аймағы көрсетілген карта-схемасымен бірге орналасқан жері;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сандық және сапалық сипаттамасымен бірге олардың тізбесі;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақ объектілерінде «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесінің болуы;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары және олардың күзет режимі түрлері, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар, олардың күзет аймағындағы табиғат пайдалану жөніндегі міндеттемелері мен ауыртпалықтары туралы мәліметтер;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтің рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлеріне қойылған шектеулер;

9) келіп көру ережесі, жұмыс режимі, рекреациялық жүктеме көрсетіледі.

2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Табиғат қорғау ұйымының паспорты табиғат қорғау ұйымында, өзінің қарауында осы табиғат қорғау ұйымы болатын мемлекеттік органда және уәкілетті органда болады.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорық аймақтарының паспорты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерін қорғау бекітіліп берілген ұйымда, өзінің қарауында осы ұйым болатын мемлекеттік органда және уәкілетті органда сақталады.

Осы тармақтың бірінші жəне екінші бөліктерінде көрсетілген паспорттар уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың нысаналы мақсаты өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған, кеңейтілген жағдайларда оның паспорты қайта тіркеуден өткізіледі.

 

26-бап. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары

1. Табиғат қорғау ұйымдары өз қызметін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, олар қарауында болатын мемлекеттік орган бекітетін басқару жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес бесжылдық кезеңге жасалады.

2. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары:

1) табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың осының алдындағы кезеңдегі өзгерістеріне жасалған талдауды;

2) табиғат қорғау ұйымының осының алдындағы кезеңдегі қызметіне берілген бағаны;

3) табиғат қорғау ұйымының осыдан кейінгі кезеңдегі табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметінің әрбір түрі бойынша іс-шараларды;

4) мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін - өткен кезеңдегі орман шаруашылығын жүргізудің және орман пайдаланудың кешенді бағасы берілетін және алдағы кезеңге арналған осы орман учаскелерін күзету, қорғау, молықтыру және оларға күтім жасау жөніндегі іс-шаралар әзірленетін бөлімді;

5) басқару құрылымын, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, кадрлармен қамтамасыз ету және олардың біліктілігін арттыру, жергілікті халықпен және жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен бірлесіп іс-қимыл жасау арқылы басқару жоспарын іске асыру тетіктерін қамтиды.

3. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеуді ол қарауында болатын мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.

 

27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры осындай аумақтардың құқықтық мәртебесі, олардың орналасқан жері, көлемі мен шекарасы, географиялық координаттары, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сандық және сапалық сипаттамасы, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық құндылығы, күзет режимінің түрлері, нысаналы пайдаланылуы және рұқсат етілген қызмет түрлері туралы мәліметтер жүйесін қамтиды.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрының деректерi экологиялық желiнi қалыптастыруға негiз болып табылады және биологиялық саналуандылықты, бiрегей табиғи ландшафтарды сақтауды ескере отырып, жердi ұтымды пайдалануды және өңiрлердiң өндiргiш күштерiн орналастыруды жоспарлау кезiнде пайдаланылады.

 

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

27-1-бап. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілер

1. Ғылыми тұрғыдан ерекше құнды және ұлттық игілік болып табылатын, шығуы табиғи немесе жасанды бірегей объектілер «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілер деп танылады.

2. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілерге мыналарды жатқызуға болады:

өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау, өсіру, реинтродукциялау жөніндегі бірегей объектілер;

табиғи объектілер жөніндегі ғылыми және ғылыми-техникалық ақпараттың бірегей қорлары;

өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің түрлерін зерделеуге, сақтауға, молықтыруға және пайдалануға байланысты бірегей зерттеу және эксперименттік қондырғылар, кешендер, ғылыми-сынақ полигондары.

3. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілерді тіркеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда сертификатпен куәландырылады.

 

 

5-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету

және қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет қызметі мемлекеттік

инспекторларының құқықтық мәртебесi

 

28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимінің түрлерi

Түріне және функционалдық аймақтарға бөлінуіне байланысты бүкіл ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе оның арнайы бөлінген аймақтары мен учаскелерінде мынадай күзет режимінің түрлері енгізіледі:

1) кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің табиғи жай-күйін бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейтін қорық режимі;

2) шаруашылық және өзге қызметтің жекелеген түрлеріне белгілі бір мерзімге немесе онсыз маусымдар бойынша толық тыйым салуды немесе шектеуді көздейтін қаумалдық режим;

3) табиғи кешендерді шектеулі пайдалануды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметтің дәстүрлі түрлерін мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілеріне зиянды әсер етпейтін тәсілдермен және әдістермен жүргізуін көздейтін шаруашылық қызметтің реттелмелі режимі.

 

29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоршаған ортаға зиянды әсерлердің алдын алу және оларды жою мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда күзету және қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізілуі мүмкін.

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Күзету жөніндегі іс-шаралар:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, оның ішінде жер және әуе көлігін қолданып қарауылдауды;

2) өрттердің алдын алуды, оларды байқауды және сөндіруді;

3) суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетуді қамтиды.

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қорғау жөніндегі іс-шаралар:

1) судың зиянды әсерінің алдын алуды және жоюды;

2) өсімдіктерді қорғауды, зиянды жәндіктер мен орман аурулары ошақтарын дер кезінде анықтауды және оларға қарсы күресуді, санитарлық және басқа мақсаттарда ағаш кесуді (жолдар салуға байланысты орман жолдарын тарту, өртке қарсы жыралар қазу кезінде орманды тазарту);

3) індеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен ветеринариялық мониторингті қамтамасыз етуді, жануарлар санын реттеуді;

4) жерді эрозиядан қорғауды қамтиды.

4. Өрттердің алдын алу, оларды байқау және сөндіру Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Қорғау жөніндегі іс-шаралар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы күзет режимінің түрі ескеріле отырып, ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде және қарамағында осы аумақтар бар орталық немесе жергілікті атқарушы органдармен немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу бойынша жүргізіледі.

 

30-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру