Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 652 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытуға және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 10, 128-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттары