«Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған шарт нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 218 Бұйрығы (күші жойылды)

«Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған шарт нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы
№ 218 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 154 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 477-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған шарт нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған шартқа қол қоюды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің осындай өкілеттіктер беру туралы бұйрығының негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Д.М. Шәженова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

Н. Коржова

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.