«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 1180 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 шілдедегі № 711 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 44, 559-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
«Кәсіби білім беру» деген 4-бөлімнің реттік нөмірі 32-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін Қазақстанның 3 мың азаматын озық шетелдік жоғары оқу орындарына жіберу»;
«Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы» деген 7-бөлімде:
реттік нөмірі 64-жол алынып тасталсын;
«Жиыны:» деген жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«148 735,2
2005 ж. - 41 392,7
2006 ж. - 53 497,3
2007 ж. - 53 845,2
89 530,4
2005 ж. - 23 370,3
2006 ж. - 34 020
2007 ж. - 32 140,1
59 204,8
2005 ж. - 18 022,4
2006 ж. - 19 477,3
2007 ж. - 21 705,1».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |