«Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорларды ветеринарияда пайдалану ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі Комитетінің 2006 жылғы 28 маусымдағы № 116 Бұйрығы (күші жойылды)

Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорларды ветеринарияда пайдалану ережесін бекіту туралы
Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі Комитетінің 2006 жылғы 28 маусымдағы № 116 Бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрлігінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 114 бұйрығымен күші жойылды

 

Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының Заңының 17 бабының 2 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорларды ветеринарияда пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

А. Выборов

 

Келісілді:

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылық министрі

2006 жылғы

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі Істер Министрлігінің

Есірткі бизнесіне қарсы күрес

және есірткі айналымын бақылау

жөніндегі комитеті төрағасы

вице-министр бұйрығымен

бекітілген

2006 жылғы 28 маусымдағы

№ 116 бұйрығымен бекітілген

 

 

Ветеринарияда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды

және прекурсорларды қолдану тәртібі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дайындалып ветеринарияда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды қолдану тәртібін және жағдайын анықтайды.

2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:

ветеринария - жануарлардың аурулары мен азықтан улануы (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.