«Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы» нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 373 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 918 бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. «Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру туралы» нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1426 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 18) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы» нұсқаулықта:
100-тармақтағы «қалалар мен облыстардың ІІББ, ІІБ» деген сөздер «Астана және Алматы қалалары, облыстардың ішкі істер департаменттері» деген сөздермен ауыстырылсын;