«Табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 19 шілдедегі № 177-НҚ Бұйрығы (2015.21.07. берілген өзгерістермен)

Табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 19 шілдедегі № 177-НҚ Бұйрығы
(2015.21.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013.19.07. № 215-НҚ бұйрығымен орыс тілдегі мәтінінің күші жойылды

 

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 23) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, 14-1-бабы 1-тармағының 4-1) және 5) тармақшаларына сәйкес бұйырамын:

1. «Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3531 нөмірмен тіркелген, «Ресми газетте» 2005 жылғы 30 сәуірде № 18 нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 наурыздағы № 85-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесінде:

3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкілетті орган - табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;

7-тармақта:

1) тармақшада «табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органға» деген сөздер «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.