“Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері
бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы
14 наурыздағы № 85-НҚ Бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның
міндетін атқарушы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2005 жылғы 14 наурыздағы
№ 85 НҚ бұйрығымен
бекітілген