«Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел
санатына жатқызудың ережесін бекіту және кедендік ресімдеудің
жеңілдетілген тәртібін қолдану туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Кедендік бақылау
комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы № 240 Бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 371, 382, 470-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесі;
2) Кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін қолданудың ережесі;
3) Ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тізілімінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Талдау және статистика басқармасы (Р.К.Айтаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Маналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесін бекіту және кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін қолдану туралы" (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2349 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 181 және 2004 жылғы 16 шілдедегі № 313 бұйрықтарымен өзгерістер енгізіле отырып "Ресми газетте" 2003 жылы № 33 (138) болып жарияланған) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығы;