«Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін
лицензиялау туралы» 2005 жылғы 9 наурыздағы № 1/127 қаулысына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 13 наурыздағы № 1/209 қаулысы
Алматы қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 2/242 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 10 қаңтардағы Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы «Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау туралы» 2005 жылғы 9 наурыздағы № 1/127 қаулысына (Алматы қаласының Әділет департаменті 2005 жылғы 8 сәуірде № 647 рет санымен тіркеп, Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау туралы» 2005 жылғы 9 наурыздағы № 1/127 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы № 5/765 қаулысына енгізілген өзгертулер және толықтырулармен бірге «Вечерний Алматы» газетінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 78-79 (10144-10145) санында және «Алматы Ақшамы» газетінің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 50 санында жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: