Алматы қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы № 2/230 «Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 2/198 қаулысы (күші жойылды)

Алматы қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы № 2/230 «Алматы қаласы
әкімдігінің жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
комиссия туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 2/198 қаулысы

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2006.06.09. № 6/1078 қаулысымен күші жойылды

 

Жұмысты сипаттамасының өзгеруіне, сондай-ақ қаладан тысқары жерге көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның кейбір мүшелерінің кетуіне байланысты, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы Әкімдігі қаулы етедi:

1. Алматы қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы № 2/230 «Алматы қаласы Әкімдігінің жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия туралы» қаулысына, Алматы қаласы Әділет басқармасында 2004 жылғы 16 сәуірде № 591 тіркелген, 2004 жылғы 24 сәуірде «Вечерний Алматы» № 77-78 және 2004 жылғы 24 сәуірдегі «Алматы ақшамы» № 46 газеттерінде жарияланған мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы қаулының қосымшасы 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда берілсін.

2. Белгіленген заң тәртібінде Алматы қаласы Мәслихатының бекітуіне осы қаулының 1 қосымшасында көрсетілген қалалық комиссияның дербес құрамы берілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Заяц Я.И. жүктелсін.

 

Алматы қаласының Әкімі

И. Тасмағамбетов

 

Әкімдік хатшысы

К. Тәжиева

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.