«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 7 тамыздағы
№ 220-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі:
1) орталық атқарушы органдармен бірлесіп, тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
2006 жылғы 7 тамыздағы
№ 220-ө өкімімен
Бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2006 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің
тізбесі
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі