“Штат санының лимиттерiн бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 Қаулысы
(2006.21.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 2 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) министрлiктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерi;
2) министрлiктердiң, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының