«Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді сатып алу үшін, оның құнын анықтау методикасын» бекіту туралы» Алматы қаласы Әкімінің 2000 жылғы 11 қазандағы № 961 шешімі (күші жойылды)

«Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан
берілген тұрғын үйлерді сатып алу үшін, оның құнын анықтау методикасын»
бекіту туралы»
Алматы қаласы Әкімінің 2000 жылғы 11 қазандағы № 961 шешімі

 

Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 8 шілдедегі № 3/885 қаулысымен күші жойылды

 

2000 жылғы 14 сәуірдегі «Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді сатып алу жолымен жекешелендіру туралы» № 243 шешімнің 1 пунктін орындау және сатылатын тұрғын үйлердің құнын анықтау методикасын әзірлеу мақсатында Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді сатып алу үшін, оның құнын анықтау методикасы» бекітілсін және іске асырылсын (№ 1 қосымша).

2. Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді сатып алу шартының нысаны бекітілсін (№ 2 қосымша).

3. Тұрғын үй департаментіне (Ш. Бекбатыров) қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді сатып алу жөніндегі шартты бекіткен кезде, осы методиканы басшылыққа алу тапсырылсын.

4. Аталған шешімнің орындалуын қадағалау қала Әкімінің орынбасары Қ. Жаңбыршинге жүктелсін.

 

 

Алматы қаласы Әкімінің

2000 жылғы 11 қазандағы № 961

шешіміне № 1 қосымша

 

 

Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй

қорынан тұрғын үйді сатып алу үшін оның құнын анықтау

МЕТОДИКАСЫ

 

 

І. Жалпы ереже

 

Осы методика Алматы қаласы Әкімінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі «Қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді сатып алу жолымен жекешелендіру туралы» № 243 шешіміне сәйкес қала Әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үйінде тұратын азаматтарға мейлінше үлкен көмек көрсету, азаматтардың тұрғын үйге құқығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.