«Алматы қаласының коммуналдық мемлекеттік мүлкін шығарып тастау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 2/116 қаулысы (2006.26.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Алматы қаласының коммуналдық мемлекеттік мүлкін шығарып тастау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 2/116 қаулысы

(2006.26.08. берілген өзгерістермен)

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 ақпандағы № 1/104 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексін 1994 жылғы 27 желтоқсандағы (Жалпы тарау), Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі № 258-І «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңы 4 бабы 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 470 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мүліктерді шығарып тастау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Коммуналдық мемлекеттік мүлікті шығарып тастау тәртібі туралы ұсынылған Нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Я.И.Заяцқа жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының Әкімi

В. Храпунов

 

Әкімшілік хатшысы

К. Тәжиева

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.