«2004 жылдың 12 қарашасындағы Алматы қаласы Әкімдігінің
«2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті
атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын
үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесін бекіту туралы» № 923 қаулысын жүзеге
асыру шаралары туралы» № 4/928 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 19 қыркүйектегі № 4/613 қаулысы
2005 жылдың 29-шы маусымында бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 1-ші қыркүйегіндегі № 923 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 649 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2004 жылдың 7 қарашасындағы Алматы қаласының Әділет Департаментінде № 627 болып тіркеліп, 2004 жылдың 14 қарашасындағы № 249 «Вечерний Алматы» және 2004 жылдың 12 қарашасындағы № 142 «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған, 2004 жылдың 12 қарашасындағы Алматы қаласы Әкімдігінің «2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесін бекіту туралы» № 923 қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы» № 4/928 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылысының жинақтау қоры жүйесі арқылы баспанамен қамтамасыз ету Механизмінде:
3-тармақтың 1 тармақшасы төмендегідей болсын: