(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген
кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 ж. 20 шілдедегі № 301 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.01 ж. № 376; 25.07.03 ж. № 234;
2004.29.12. № 202 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция  2006 ж. 25 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

ҚР ҰБ Басқармасының 2004.29.12. № 202 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40, 43 және 45-баптарына сәйкес және ұлттық валютаның ақша белгiлерiн қолдан жасаудан қорғау жөніндегі қосымша шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.

2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін (бұдан әрi - Ереже) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Сембиев Н.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Ереженiң азаматтар мен заңды тұлғалардың мүддесiне қатысты 1-4 тарауларын республикалық газеттерде (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде) жарияласын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.