«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 775 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 775 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

II. «Шығындар» бөлімінде:

12 «Көлік және коммуникациялар» функционалдық тобында:

215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» әкімшісі бойынша:

002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту» бағдарламасында:

005 «Ішкі көздер есебінен жобаны іске асыру» кіші бағдарламасындағы «31188412» деген сандар «30581961» деген сандармен ауыстырылсын;

016 «Жобаны республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру» кіші бағдарламасындағы «5075311» деген сандар «5681762» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.