«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау
комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлікті
бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 19 сәуірдегі № 28-ө бұйрығы
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты бұйырамын:
1. Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
1) «Темір жол көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 мамырдағы № 42-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1587 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 31, 493-құжат);