«Лицензияның күшін тоқтата тұру туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 11 тамыздағы
№ 219 бұйрығы
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағын және «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабы 2-бөлігіне және 314-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалуына байланысты, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 17.02.2003 жылғы бұйрығымен Жанат Серікқызы Сембиеваның атына адвоқаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0004585 мемлекеттік лицензияның күші мемлекеттік қызметке тұру кезеңіне тоқтатыла тұрсын.
2. Жамбыл облыстық әділет департаменті осы бұйрықты Ж.С. Сембиеваның, сондай-ақ Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.