«Лицензияның күшін тоқтата тұру туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 11 тамыздағы
№ 220 бұйрығы
Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға байланысты «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағын және «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Мына адамдардың атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицезиялардың күші алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын:
Шналиев Ораз Шалхарұлы - 17.03.1999 ж. № 0001884
Шестаков Игорь Борисович - 16.04.2003 ж. № 0004795
Сафаров Талғат Серикович - 18.08.199 ж. № 0003517
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаменті осы бұйрықты көрсетілген адамдардың, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.