«Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі
ережелерді бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2006 жылғы 3 тамыздағы № 188 Бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 173 бұйрығымен күші жойылды
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңының 7-бабы, 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1182 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту ережелеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін еңбекті қорғау жөніндегі ережелер бекітілсін.
2. Өнер департаментінің директоры В.Ә. Күзембаев:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М. Әлиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Ертісбаев |
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2006 жылғы 3 тамыз
| КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2006 жылғы 3 тамыз |
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2006 жылғы 3 тамыздағы
№ 188 бұйрығымен бекітілген