Лицензияның телнұсқаларын беру туралы
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитетінің 2006 жылғы 18 тамыздағы
№ 71 бұйрығы
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 15-бабын, Қазақстан Үкіметінің 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулысымен бекітілген Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесінің 18-тармағын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2004 жылғы 25 мамырда Әлия Дүйсенбекқызы Қызаеваның атына берген № 0001865 нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензияның орнына жоғалуына байланысты Әлия Дүйсенбекқызы Қызаеваға телнұсқасы берілсін.