Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 Қаулысы
(2026.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.30.06. № 126 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Өзгеріс енгізу туралы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 102 Қаулысын қараңыз
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2026.11.03. № 17 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 29 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацының 17) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.30.06. № 126 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):