Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1167 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 323-құжат; 2004 ж., № 12, 150-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.