«Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы № 945 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2006 жылғы 14 тамыздағы № 446 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 ж. 3 желтоқсандағы № 602 Бұйрығымен күші жойылды
Жоғары білікті кадрлар даярлауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3269 тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы № 945 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде:
«050718» коды:
«Кәсіптік жоғары білім берудің сырттай оқыту нысаны бойынша мамандықтары (бакалавриат), техникалық ғылымдар және технологиялар, электр энергетикасы» білім беру бейінінде, мамандықтар мен кәсіптердің атауларында: