Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 16 мамырдағы № 149-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік мәсілелері бойынша сараптамалық кеңестер туралы үлгі ереженің 4, 5-тармақтарына сәйкес бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі мынадай құрамда құрылсын:
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы
| - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, төраға |
Орымбаев Ардақ Сиязбекұлы
| - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары |
Әлиев Ескендір Шәмілұлы
| - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаментінің директоры |
Асқарова Аида Генадийқызы
| - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаментінің директоры |
Жолдыбаева Ғалия Тағыбердіқызы
| - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі заң департаментінің директоры |
Ыбыраева Гульмира Қасымқызы
| - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаментінің директоры |
Шкарупа Анатолий Валерьевич
| - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаментінің директоры |