«Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу
әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы
есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 12 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағы 3) тармақшасының талаптары осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заемдарға қолданылмайды.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, ипотекалық ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.