«Теңіз қондырғылары радиооператорының, жер үсті радиооператорының және теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі технигінің лауазымдарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 190 Бұйрығы (күші жойылды)

Теңіз қондырғылары радиооператорының, жер үсті радиооператорының және теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі технигінің лауазымдарына біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 190 бұйрығы

 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды

 

«Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 26)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) теңіз қондырғылары радиооператорының лауазымына біліктілік талаптары;

2) жер үсті радиооператорының лауазымына біліктілік талаптары;

3) теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі технигінің лауазымына біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Әуежайлардың қызметін реттеу, әкімшілік-құқықтық жұмыс және халықаралық қатынастар басқармасының әкімшілік және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (Қ.Малдыбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Төрағасының орынбасары Р.О. Әдімолдаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Төраға

Е. Қошанов

 

Қазақстан Республикасы Көлік және

коммуникация министрлігінің

Азаматтық авиация комитеті

Төрағасының 2006 жылғы 4 қырүйектегі

№ 190 бұйрығымен бекітілген

 

Теңіз қондырғылары радиооператорының лауазымына біліктілік талаптары

 

1. Техникалық білім.

2. Авиациялық фразеологияны және радиоалмасудың ережелерін білу.

3. Теңіз қондырғында жұмыстарын орындалуын реттейтін Қазақстан Республикасынын заңнамасын мен нормативтік актілерін білу.

4. Теңіз қондырғыларында радиобайланысты жүзеге асыруды реттейтін азаматтық авиация туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.