Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 851 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісім-шартта:
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жұмыс бағдарламасы - осы Келісім-шартқа сәйкес және Келісім-шартқа 1-қосымшада көрсетілген инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстардың күнтізбелік кестесін айқындайтын келісім-шартқа қосымша.»;
7-тармақтың 4) тармақшасындағы «мониторинг және» деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақшадағы «инвестициялық қызметті» деген сөздер «осы Келісім-шарттың 5-тармағында көрсетілген қызмет түрін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қазақстандық кадрларды үздіксіз оқыту жүйесін енгізуге және олардың біліктілігін арттыру жөнінде жұмыс жүргізуге;»;
6) тармақша алынып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Келісім-шарт қолданылатын мерзімде берілген мемлекеттік заттай грантты және Келісім-шарттың жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтерді жалға бермеуге, иеліктен айырмауға және олардың нысаналы мақсатын өзгертпеуге міндеттеме алады.»;
11-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
20. Келісім-шарттар талаптарының сақталуын бақылауды уәкілетті орган мынадай нысандарда жүзеге асырады:
1) камералдық бақылау - уәкілетті орган осы Келісім-шарттың 21-тармағына сәйкес ұсынылған есептерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асыратын бақылау;
2) инвестициялық қызмет объектісіне барып, оның ішінде жұмыс бағдарламасын және келісім-шарт талаптарын орындау жөніндегі құжаттарды қарап.
21. Келісім-шарт жасасқаннан кейін инвестор уәкілетті органға:
1) жұмыс бағдарламасы қолданылатын мерзімде статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
жиырма бесінші маусымнан кешіктірмей жұмыс бағдарламасының орындалуы туралы аралық есепті;
жиырма бесінші қаңтардан кешіктірмей жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша толық көрсете отырып, жұмыс бағдарламасының орындалуы туралы жылдық есепті;
2) тіркелген активтер пайдаланылуға енгізілгеннен кейін бір ай ішінде тіркелген активтердің пайдаланылуға енгізілгенін растайтын құжатты;
3) жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі өткеннен кейін бір ай ішінде аудиторлық есеппен расталған:
жұмыс бағдарламасының орындалуы туралы есепті;
инвестициялық қызметтің нәтижелері бойынша кірістер мен шығыстар туралы есепті;
жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша толық жазылуын ұсынады.
Аудиторлық есепте жұмыс бағдарламасының бүкіл қолданылу кезеңіндегі қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдау қамтылуға тиіс.
22. Жұмыс бағдарламасына өзгерістер тараптардың келісімі бойынша жылына бір рет енгізілуі мүмкін.
22-1. Инвестициялық қызмет объектісіне барып тексеру уәкілетті органның шешімі негізінде жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстардың аяқталу мерзімі өткеннен кейін үш ай ішінде жүргізіледі.
Инвестициялық қызмет объектісіне барып кезектен тыс тексеру уәкілетті органның шешімі бойынша:
1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша келісім-шарт талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда;
2) құқық қорғау органдарының өтініштері бойынша жүргізіледі.
22-2. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның өкілі инвестордың басшысы келісім-шарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйінің актісіне қол қояды.
22-3. Келісім-шарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда уәкілетті орган инвесторға бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жібереді және бұзушылықтарды жою үшін үш айдан аспайтын мерзімді белгілейді.
22-4. Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында келісім-шартты бұзу туралы ақпарат мыналарға жіберіледі:
1) тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік органға және қажет болған кезде өзге де мемлекеттік органдарға;
2) оларға сәйкес мемлекеттік заттай грант берілген келісім-шарттар бойынша мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік органға, мемлекеттік мүлікті және (немесе) жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзімімен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірмей аяқталуға тиіс.»;
42-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган _____________________________________________
Уәкілетті органның басшысы _________________________________»;
45-тармақтан кейін «Комитет» деген сөз «Уәкілетті орган» сөздермен ауыстырылсын;
Келісім-шартқа 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Келісім-шартқа 2-қосымшадағы «Комитет» деген сөз «Уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық преференцияларды уәкілетті орган беретін инвестициялардың ең жоғарғы көлемі және инвестициялық салық преференцияларының қолдану мерзімдері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің