«2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылатын тауарлардың кері экспортының тәртібі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 614 Қаулысы

«2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру
туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылатын
тауарлардың кері экспортының тәртібі туралы келісімге қол қою туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 614 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылатын тауарлардың кері экспортының тәртібі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Владимир Сергеевич Школьникке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылатын тауарлардың кері экспортының тәртібі туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов