Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2006 ж. 29 маусым) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі
басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006.29.06. № 595 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 13 наурыздағы № 188 Қаулысымен қайтарып алынды

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):

15-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«15-бап. Жергілікті өкілді органдардың құзыреті»;

2-тармақ алып тасталсын.

2. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 234-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат):

3-баптың екінші бөлігінде «аумақтық» деген сөз алып тасталсын.

3. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат, 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):

1) 13-баптың бесінші бөлігінде екінші сөйлем алып тасталсын.

2) 32-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қоғамдық бақылауды қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз бастамасы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған шарттар бойынша жүзеге асырады.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.