«2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің Бірыңғай экспорттық бақылау тәртібі туралы келісім» (Жоба) (2006 жыл 6 шілде)

Жоба

2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік
құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің
Бірыңғай экспорттық бақылау тәртібі туралы
келісім

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 6 шілдедегі № 640 Қаулысымен мақұлданды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,

біртұтас экономикалық және кедендік кеңістіктің тиімді жұмыс істеуі үшін, қолайлы жағдай жасауға ұмтыла отырып,

бір-бірімен және үшінші мемлекеттермен теңгерімді, өзара тиімді сауда және ғылыми-техникалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесуді ниет ете отырып,

жаппай қырып-жою қаруы мен оны жеткізу құралдарын таратпау қағидаттарына өз бейілділігін растай отырып,

өз мемлекеттерінің ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігін негізге ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Тараптар өз мемлекеттерінде жаппай қырып-жою қаруы мен оны жеткізу құралдарын, өзге де қару-жарақ пен әскери техника түрлерін (бұдан әрі - экспорттық бақылауға жататын тауарлар) жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін тауарларға, ақпаратқа, жұмыстарға, қызметтерге, зияткерлік қызмет нәтижелеріне қатысты сыртқы экономикалық қызметті (халықаралық табыстауларды) реттейтін үйлестірілген нормалар мен ережелердің жиынтығын қамтитын экспорттық бақылаудың халықаралық шарттары мен халықаралық режимдерінің талаптарына сәйкес келетін бірыңғай экспорттық бақылау тәртібін орнатуды қамтамасыз етеді.

Осы Келісімнің күші әскери мақсаттағы тауарларға, жасырын ақпарат алуға арналған шифрлау техникасы мен арнайы техникалық бұйымдарға қатысты сыртқы экономикалық қызметке (халықаралық табыстауларға) қолданылмайды.

 

 

2-бап

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.