(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР ...01.03.03 Ж. № 111 БҰЙРЫҒЫНА 2-ҚОСЫМША

Осы редакция 2006 ж. 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің

2003 жылғы 1 наурыздағы № 111 бұйрығына

2-қосымша

Алып қойылған, ерікті тапсырылған, тауып алынған қару және
оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, ішкі істер
органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және сақталуын
қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже ішкі істер органдарының алып қойылған, ерікті тапсырылған, тауып алынған атыс және газды қару, оқ-дәрілерді, жарылғыш-заттар мен материалдарды, оқ-дәріні, суық қаруды қабылдау, есепке алу, сақтау, басқа ұйымдарға беру бойынша жұмыс тәртібін анықтайды.

2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Тыл департаменті бөлімінің қоймасында, ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ тылдық қамтамасыз ету басқармалары бөлімдерінің қоймаларында (бұдан әрі - ТҚБ немесе ТҚб) тұрған алып қойылған, ерікті тапсырылған, тауып алынған атыс, суық қарулардың, оқ-дәрілердің жарылғыш заттар мен материалдардың, оқ-дәрінің, суық қарулардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің (бұдан әрі - Министр), Ішкі әскерлер қолбасшысының ІІББ-нің, ІІБ-нің, көліктегі ІІБ-нің бастықтарының бұйрықтарының негізінде Ішкіісминінде, ІІББ-да, ІІБ-да, көліктегі ІІБ-де тұрақты әрекет етуші техникалық комиссиялар құрылады.

Комиссияның құрамына Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің басқармасының, ТҚБ-нің, ТҚб-нің (бұдан әрі - ҚҚД, ҚҚБ), жедел-криминалистік аппараттардың және басқа қызметтердің жетекшілері қосылады. Бұл комиссияларды министрдің орынбасарларының, ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ бастықтары орынбасарларының бірі басқарады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.