«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2006 жыл 1 тамыз) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының
Заңы

 

Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 722 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

2007 жылғы 21 шілдедегі № 306-III ҚР Заңын қара

 

Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында адамның өмірін, денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау мен тұтынушылар мүдделерін қорғаудың кепілдігі үшін ойыншықтар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.

 

 

1-тарау. Негізгі ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ойыншық материалы - қатынасу үшін қол жетімді оларды дайындау кезінде пайдаланылатын, ойыншықтардың құрамдас бөліктері;

2) ойыншықтар - балалардың тек ойын мақсатында пайдалануына дәл арналған бұйымдар;

3) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган - берілген өкілеттілер шегінде ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

4) ойыншықты теріс пайдалану - ойыншықты дайындаушы көздемеген шарттар немесе мақсаттарда пайдалану;

5) өнімді Қазақстан Республикасының нарығында орналастыратын тұлға - ойыншықты Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін немесе тегін тарататын жеке немесе заңды тұлға;

6) пайдаланушы - ойыншықты тікелей пайдаланатын тұлға;

7) психологиялық-педагогикалық сараптама - ойыншықтарды балалардың рухани-эмоционалдық саулығын сақтау мәніне зерттеу және талдау жүргізу;

8) тұтынушы - ойыншықты сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;

9) функционалдық ойыншық - сол мақсаттағы және сол функцияларды орындауды қайталайтын ересектер пайдаланатын бұйымдардың немесе құрылғылардың кішірейтілген ауқымдағы моделі болып табылатын ойыншық;

10) химиялық ойыншық - ойын процесі химиялық реакциямен байланысты ойыншық;

11) электр ойыншығы - кем дегенде бір функциясы электрмен байланысты болатын ойыншық.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының ойыншықтар қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.