Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру
ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын ретеу
мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25
қыркүйектегі № 274 қаулысы
(2005.27.08. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 12 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмукаметовке жүктелсін.
| Төраға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Б. Жәмішев |
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы
сақтандыру жөніндегі қызметті