Жоба
2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік
құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің өзара
саудасындағы сандық шектеулерді кезең-кезеңімен жою туралы келісім
ҚР Үкіметінің 2006.30.06 № 611 Қаулысымен мақұлданды
2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері бұдан әрі - Тараптар,
теңдік және өзара пайда негізінде Біртұтас экономикалық кеңістік (бұдан әрі - БЭК) шеңберінде көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуды өздерінің ұстанатындықтарын растай отырып,
тауарлардың еркін қозғалысы үшін жағдай жасай отырып,
өзара тиімді кооперациялық байланыстарды және ынтымақтастықты дамытудың негізінде Тарап мемлекеттерінің экономикалық әлеуетін ұлғайтуға жәрдемдесе отырып,
өз елдері халқының өмір сүру деңгейін тұрақты көтеру ниетін басшылыққа ала отырып,
Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ/ДСҰ) қағидаттарын назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Жалпы ережелер
1. Тараптар осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізу үшін мыналарды:
өзара саудадағы сандық шектеулерді кезең-кезеңімен жоюды;
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, қаржы, инвестициялар саласында, әлеуметтік салада сауда-экономикалық саясатты жүргізудегі, сондай-ақ адал бәсекелестікті дамытудағы ынтымақтастықты;
Тараптар мемлекеттерінің заңнамасын сауданың сандық шектеулерді қолданбай тиімді жұмыс істеуі үшін қажет болатын мөлшерде үйлестіруді қамтамасыз ету үшін өзара әрекет етеді.
2. Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумақтарында олар Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында айқындалғандай қолданылады.
Келісімді қолдану аясы
1. Сандық шектеулерді жою басқа Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумақтарына арналған Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағынан шығарылатын тауарларға қолданылмайды.
2. Осы Келісімнің ережелері демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шараларын енгізуге және қолдануға байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.