Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жыл 8 тамыздагы № 4/495 «Алматы қаласының
автоматизациялық мәліметтік жүйесін дамытудың қосымша шаралары туралы»
қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі № 6/1084 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес ықтимал қауіпті объектілерді пайдаланудың және адамдар көп шоғырланған жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әкімдігі қаулы етеді:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жыл 8 тамыздағы № 4/495 «Алматы қаласының автоматизациялық мәліметтік жүйесін дамытудың қосымша шаралары туралы» қаулысына төмендегі толықтыр мен өзгерістер енгізілсін:
қаулының кіріспесіндегі «жағдайлар туралы» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының «Өрт қаупсіздігі туралы» Заңы» сөздерімен толықтырылсын;