Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы,
Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан
Республикасы арасындағы Есірткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі
Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы келісімге
қол қою туралы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 6 шілдедегі № 637 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы келісімге қол қойылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, Ақорда, 2006 жылғы
№
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы ___________
№________ Жарлығымен
Мақұлданған
Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы,
Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есірткi
құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының
заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік