«Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім» (Санкт-Петербург қ. 2006 ж. 25 қаңтар)

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің интеграцияланған
валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы
келісім
(Санкт-Петербург қ. 2006 ж. 25 қаңтар)

 

ҚР 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 206-III Заңымен келісім ратификацияланды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттер,

Аймақтық валюталық интеграцияны одан әрі дамыту негізі ретінде өзара сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет көрсету үшін Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) ұлттық валюталарын пайдалану аясын кеңейту және ауқымын ұлғайту мақсатында,

2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шартты басшылыққа ала отырып,

сыртқы сауда және қаржылық қызмет көрсету саласында төлемдерді жүзеге асыру кезінде ұлттық валюталардың пайдалану үлесін ұлғайту, Еуразия экономикалық ынтымақтастығына мүше мемлекеттердің валюталарын өзара конвертациялаудың тиімді механизмін жасау үшін валютаны интеграциялаудың неғұрлым жетілдірілген нысаны ретінде ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің валюталық одағын құру бағытындағы бірлескен іс-қимылдардың маңыздылығын тани отырып,

ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің әрқайсысының экономикалық ерекшеліктерін ескерумен тепе-теңдік және өзара тиімділік қағидаттарын негізге ала отырып, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің өзара сауда және инвестициялық ынтымақтастығын нығайтудағы, олардың шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуды ынталандырудағы мүдделілік білдіре отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісімнің мақсаты үшін пайдаланылатын ұғымдар:

«банк» - осы Келісім Тарапының құзыретті органының арнайы рұқсаты негізінде (лицензиясы немесе өзге негіз) оның ұлттық заңнамасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.